Бияшева З.М., Тлеубергенова М.Ж., Шайзадинова А.М. Генетические эффекты радона и его дочерних продуктов распада в краткосрочных тест-системах Drоsорhilа melаnоgаster

Казахский национальный университет им. аль-Фараби; Казахстан, г. Алматы

Авторлар

  • Бияшева З.М., Тлеубергенова М.Ж., Шайзадинова А.М Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Аңдатпа

Қазақстан аумағындағы жоғары радиациялық фонның себебі ірі уран кен орындарының,
оларды шығаруының, тау-кен қазу және уран өндеуші өндірістер қалдықтарының жинақталуы,
атомдық қаруды сынау және басқа табиғи мен техногенді факторлардың бар болуы. Осы
жағдайлардың барлығы радионуклидтермен, сонымен қатар радиоактивті элементтердің ыдырауы
кезінде радонның шығуы және жинақталуы қоршаған ортаның ластануына апарады. Радонның
радионуклидтері адам ағзасына ықпал ететін табиғи және техногенді радионуклидтердің орташа
радиациялық дозасынан жартысын қамтамасыз етеді. Радон өкпеде қатерлі ісіктің пайда болуына
әлемдегі екінші орындағы себеп екендігі дәлелденген. Бұл радонның ыдырау кезінде ірі оң
зарядталған бөлшіктердің – α-бөлшіктердің бөлінуіне байланысты. Сондықтан осы жұмыстың
мақсаты радонның аз мерзімдегі генетикалық әсерлерін Drosophila melanogaster шыбындардың
Х-хромосомаларымен және Х-У-хромосомаларымен тіркескен тест-жүйесінде бағалау. Дрозофила
шыбындарда аз мерзімді тест-жүйелері қоршаған орта компоненттерінің мутагендік және
канцерогендік әсерлерін анықтауға және алынған нәтижелерді адам ағзасымен салыстыруға
мүмкіндік береді. Drosophila melanogaster тест-объект ретінде қолдану артықшылықтары:
генетикасы жақсы зерттелген, зертханада пайдалануға ең аз шектеулері бар, салыстырмалы
арзандығы, өсіру кезінде күрделі әрекеттердің болмауы. Радонның генотоксикалық әсерлерін
анықтау үшін біз Х-хромасомалармен және Х-У-хромосомаларымен тіркескен ЭП-2 желісінің
ұрғашыларын және Oregon желісінің сәулелендірілген жабайы типті аталықтары пайдаланылды.
Альфа-сәулелердің көздері ретінде плутоний мен уран изотоптары қолданды. ЭП-2 желісінде
геннің орналасу нәтижесіне байланысты хромосомалық қайта құрылулары бар. Шартты мутациялар
геннің орналасу нәтижесінің салдары, өйткені олар қосалқы даму жолы және түрішілік белгілерге
жауапты реттеуші гендердің бұзылуынан пайда болады. Олардың ағза деңгейінде (толық немесе
ішінара) көрінуі геномның басқа аудандар құрылымына байланысты. Шартты мутациялардың
айқын қасиеттерінің бірі морфоздардың пайда болуы – организмге қоршаған ортаның стресс
факторларының әсер етуінде пайда болатын тұқым қуалайтын морфологиялық ақаулары.
Бірінші ұрпақта пайда болған шыбындарды талдау нәтижесінде келесі морфоздар байқалды:
қарында, торакста, қанаттарында қара дақтар немесе меланомалар; оралған, иілген, жазылмаған
қанаттар; қанаттарының жүйкеленуінің бұзылуы; бастарының, көздерінің, торакстың ақаулары;
қанаттың болмауы; қарында, қанаттарында көпіршіктердің пайда болуы және т.б. Барлық
ақаулар симметриялық емес ретінде көрінді және кемтарлықтар ретінде байқалды. Байқалған
морфологиялық өзгерістер және статистикалық талдау α-сәуленің генотоксиндік белсенділігін
көрсетті, себебі табиғи жағдайда оның көзі – радон және оның еншілес ыдырау ө

Жарияланды

2018-10-07

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бияшева З.М., Тлеубергенова М.Ж., Шайзадинова А.М. Генетические эффекты радона и его дочерних продуктов распада в краткосрочных тест-системах Drоsорhilа melаnоgаster: Казахский национальный университет им. аль-Фараби; Казахстан, г. Алматы. (2018). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 55(2), 16-25. https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/812