Нурмаханова А.С., Утешова С., Домакбаева А., Кенжебаева Ш.К., Атабаева С.Д., Асрандина С.Ш., Алыбаева Р.А. Тұзды жағдайлардың (NaCl) соя өсімдігінің (Glycine max) параметрлеріне және салыстырмалы су мөлшерімен жапырақтарының фотосинтез пигменттерінің мөлш

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Авторлар

  • Shalakhmetova T. M. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Нурмаханова А.С., Утешова С., Нурмаханова А.С., Утешова С., Атабаева С.Д., Асрандина С.Ш., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Аңдатпа

Мақалада тұзды жағдайлардың соя өсімдігінің (Glycine max) өсу параметрлеріне және
салыстырмалы су мөлшерімен фотосинтез пигменттерінің мөлшеріне әсері зерттелді. Зерттеу
нысаны ретінде сояның 3 сорты Алматы, Вита, Ласточка алынды. Соя дәндерін келесі варианттар
бойынша бақылау, 0,01% NaCl, 0,1% NaCl ерітіндісі қосылған топырақта 14 күн өсірілді. Жер
үсті мүшелердің ұзындығы 0,1% NaCl концентрацияда Алматы сортында 17%-ға, Вита сортында
19%-ға төмендеген, ал Ласточка сортында 28%-ға. Жeр үcтi мүшeлeрінiң ұзындығы бoйыншa
0,1% NaCl жоғарғы кoнцeнтрaцияcынa Алматы және Вита сорттары төзiмдi, ал Ласточка
coрттар ceзiмтaл бoлып табылды. Тұздың жоғарғы концентрациясының әсерінен соя сорттары
тамырының құрғақ салмағы бақылау деңгейімен салыстырғанда Вита сорты 32%-ға жоғарылаған,
ал Ласточка және Алматы сорттары 9%-ға және 19%-ға төмендеген. Aл тұздың жoғaры 0,1%
NaCl кoнцeнтрaцияcындa cудың caлыcтырмaлы (RWC) мөлшeрi Вита coртындa 5%-ғa, Алматы
coртындa 8%-ғa, Ласточка coртындa 15%-ғa төмeндeгeн. Фотосинтездік пигменттерінің
мөлшерінің өзгеруін анықтау өсу процестерінің тежелу механизмдерін зерттеуіне мүмкіндік
береді. Хлорофилл а пигменті мөлшері тұздың жоғарғы концентрациясында (0,1% NaCl) Вита
және Алматы сорттары 10%-ға және 13%-ға, ал Ласточка сорты 14%-ға бақылау деңгейімен
салыстырғанда біршама төмендеген. Хлорофилл b пигменттің жинақталуы мөлшері Вита сорты
92%, Ласточка сорты 90%, Алматы сорты 89% бақылауға қарағанда көрсеткішке ие болғандығы
анықталды. Сояның Вита сортында 21%-ға, ал Алматы және Ласточка сорттарында 16%-ға
каротиноидтардың жинақталуы мөлшері жоғарылағандығы байқалды. Осы стрестердің әсерінен
төзімді соя сорттарында фотосинтездік пигменттер мөлшерінің төмендеуімен, олардың өсу
деңгейі бойынша төзімділігімен өзара байланыстың бар екендігі байқалды.
Түйін сөздер: соя, тұзды жағдайлар, фотосинтез, хлорофилл, каротиноид, сорт, төзімділік.

Жарияланды

2018-10-07

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нурмаханова А.С., Утешова С., Домакбаева А., Кенжебаева Ш.К., Атабаева С.Д., Асрандина С.Ш., Алыбаева Р.А. Тұзды жағдайлардың (NaCl) соя өсімдігінің (Glycine max) параметрлеріне және салыстырмалы су мөлшерімен жапырақтарының фотосинтез пигменттерінің мөлш: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. (2018). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 55(2), 26-38. https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/813