Маусумбаева А., Акмуллаева А., Шалабаева Қ., Кабдрахманова А., Жексенбаева М., Еркін Г. Тұрақты органикалық ластағыштардың адам денсаулығына әсері

Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан, Талдықорған қ.

Авторлар

  • Маусумбаева А., Акмуллаева А., Шалабаева Қ., Кабдрахманова А., Жексенбаева М., Еркін Г Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан, Талдықорған қ

Аңдатпа

Тұрақты органикалық ластағыштар (ТОЛ) дегеніміз – химиялық және биологиялық
тұрғыдан қиын ажырайтын, суда нашар еріп, тірі ағзаның май қабатында жинақталуға
бейім болатын улы химиялық заттар тобы. Тұрақты органикалық ластағыштар қатарына адам
денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін 12 токсикологиялық зат кіреді. Қала
экожүйесіндегі топырақ қабатының ПХБ-мен ластану деңгейін анықтау. 2003-2009 жылдар
аралығында «Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша ғылыми зерттеулер» ғылыми бағыт
аясында жүргізілген, жалпы Қазақстан бойынша тіркелген ПХБ қалдықтарының 80% Өскемен
қаласында орналасқандығы анықталып, облыс бойынша 1200 гектар жер ПХБ-мен ластанғаны
белгілі болды. Бұл зерттеу нәтижелері Өскемен қаласы бойынша топырақ қабатындағы ПХБның жинақталу деңгейіне зерттеу жүргізу мәселесін бүгінгі таңда өзекті етіп отырғандығын
айқындайды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер тұрақты органикалық ластағыштарды,
соның ішінде полихлорбифенилді тұрақты меңгерудің басым бағытын анықтау, Қазақстанның
Шығыс, Оңтүстік Шығыс аймағындағы экологиялық жағдайды ғылыми тұрғыдан бағалау мен
тұрақты органикалық ластағыштар мәселесіне қоғам мен шешім қабылдауға құқығы бар тұлғалар
назарын аударуға кеңінен қолданылады. Топырақ үлгілері n-гексанмен Сокслет аппаратында
жуылып, құрамындағы полихлорбифенил мөлшері 17,4,3,01-83 мемлекеттік стандарты бойынша
«Dexsil L2000DX» ПХБ анализаторы бар «MASTER GC» газдық хроматографта анықталды.
Қазақстанның ПХБ-мен ластану жағдайына шолу «ШҚО және басқа аймақтарының ПХБ-мен
ластануы: территорияны бақылау және ПХБ көзін тексеру – мәселені шешу жолдары» жобасы
аясында орындалды. Зерттеуден Өскемен конденсатор зауыты («УККЗ» АҚ) территориясынан
алынған топырақ қабаты мен үшхлорбифенил (ТХБ) қалдықтары (шамамен 6-9 тонна) Өскемен
қаласындағы жинақтаушы көмбеде сақталып, ал зауыт басқа балама технологияға көшірілгені
белгілі болды. Жас организмде кез келген аурудың туындауы сыртқы орта факторының
әсерінен басталатындығы белгілі яғни, әртүрлі бейімделу факторларын басынан кешірген жас
организмнің денсаулық жағдайына, өсіп-дамуына әсер етуші сыртқы ортаның, яғни, тұрақты
органикалық ластағыштардың қолайсыз әсер ету себептерін зерттеу бүгінгі таңда құнды болып
отыр. Зерттеу нәтижесінде алынған көрсеткіштер облыстық денсаулық сақтау департаментіне,
жас организмнің денсаулық жағдайын зерттеп, физикалық дамуына мониторинг жасауда
қосымша материал ретінде және Қазақстанның экологиялық жағдайын ғылыми тұрғыда баға
беріп, тұрақты органикалық ластағыштар мәселесін зерттеп, оны заңды мекемелердің шешім
қабылдауы бойынша зор мүмкіншілік беретін қосымша ұсыныс ретінде қолданылуына болады.
Түйін сөздер: полихлорбифенил, тұрақты органикалық ластағыштар, пестицидтер,
токсикология.

Жарияланды

2018-10-07

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Маусумбаева А., Акмуллаева А., Шалабаева Қ., Кабдрахманова А., Жексенбаева М., Еркін Г. Тұрақты органикалық ластағыштардың адам денсаулығына әсері: Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан, Талдықорған қ. (2018). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 55(2), 39-49. https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/814