Ismailova E.T., Sadanov A.K., Shemshura O.N., Iskandarova K.A., Sobiczewski P., Molzhigitova A.E. Antibiotic activity of actinomycetes of the genus Streptomyces against the causative agent of the fre blight of fruit crops

Institute of Microbiology and Virology, Kazakhstan, Almaty; Research Institute of Horticulture in Skierniewice, Poland, Skierniewice

Авторлар

  • Ismailova E.T., Sadanov A.K., Shemshura O.N., Iskandarova K.A., Shemshura O.N., Iskandarova K.A.,

Аңдатпа

Мақалада Erwinia amylovora бактериялық күйік қоздырғышына қарсы, Алматы және
Қостанай облыстарының әр түрлі топырақ типтерінен бөлінген, Streptomyces туысына жататын
актиномицеттердің 20 түрлі штамдарының культуральды сұйықтығынан алынған экстарктілерінің
антибиотикалық белсенділігін зерттеу нәтижелері ұсынылып отыр. Зерттелініп жатқан
штамдардың экстрактілері Erwinia amylovora культурасының өсуін біршама шектейді, бұл ретте
оның ішіндегі ең жоғарғы антибиотикалық белсенділік көрсеткен Алматы облысы, Іле ауданының
құмды топырақтарынан бөлінген №7, 9 және 28 штамдарынан алынған экстрактілер екені
анықталды. Экстрактілердің әсерінен Erwinia amylovora культурасының өсу зонасын шектеуі
18,3 мм, 21,3 мм және 14,3 мм құрады. Жеміс дақылдарында кездесетін бактериялық күйік
қоздырғышына қарсы қолдануға ұсынылған Ресей өндірісінің «Фитолавин» препаратын эталон
ретінде алып, салыстырмалы тәжірибелер жүргізіліп, келесі нәтижелер алынды. Бұл өнімнің
көрсеткіші орташа есеппен бактериялық күйік қоздырғышының өсу зонасын шектеуі 13,5±0,29
мм құрады, яғни №9 штамм экстрактісін пайдаланған жағдайдан 1,57 есе аз екені анықталды.
Қазақстандағы жеміс дақылдарында кездесетін бактериялық күйік ауруының таралуына
биологиялық бақылау жүргізу үшін, бөлініп алынған бұл штамдар жаңа отандық препараттардың
негізі ретінде қолданылуы мүмкін.
Түйін сөздер: жеміс дақылдары, бактериялық күйік, актиномицеттер, Streptomyces,
экстрактілер, антибиотикалық белсенділік, өсуін шектеу.

Жарияланды

2018-10-07

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE

Дәйексөзді қалай келтіруге болады