Акмуханова Н.Р., Заядан Б.К., Садвакасова А.К., Бауенова М.О., Кирбаева Д. К., Карабекова А.Н. Альгофлора и биологическая оценка Кольсайских озёр

Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Авторлар

  • Акмуханова Н.Р., Заядан Б.К., Садвакасова А.К., Бауенова М.О., Кирбаева Д. К., Карабекова А.Н.

Аңдатпа

Мақалада Көлсай көлдерінің альгофлорасы зерттелген және биоиндикациялау әдісімен
оларға биологиялық баға берілген. Зерттелген көлдің құрамынан микробалдырлардың 6 бөлімге
қарайтын 124 түрі анықталды. Түрлердің жоғары мөлшері (72) бірінші Көлсай көлінде тіркелді,
оның ішінде диатомды балдырлар – 41, жасыл – 19, көк жасыл балдырлар – 12 түр. Екінші
Мыңжолқы көлінде 52 түр анықталды, олар төрт бөлімге: Bacillariophyta – 24 вида, Cyanophyta
– 9, Chlorophyta – 14, Dinophyta -5 қарайды. Түрлік қатынаста диатомды балдырлар (Bacillariophyta) көп және алуантүрлі, бұл бөлім 14 туыс және 7 тұқымдастан тұрады. Жоғары Көлсайда
салыстырмалы аз алуантүрлілік – 45 түр белгіленді, олар 5 бөлімге, 10 класс, 13 қатарға жіктеледі.
Сонымен қатар, анықталған балдырлардың басым көпшілігі диатомды балдырларға қарайды,
олардың барлығы 31 түрі анықталды. Көлсай көлдерінің түрлік байлығы зерттелген аймақтың
орналасуына тәуелді тербеледі, балдырлардың түрлік құрамы теңіз деңгейінен 1818 м жоғарыда
орналасқан төменгі Көлсай көлінде салыстырмалы жоғары сипатталды. Көлсай көлдерінің
индикаторлы-сапробты түрлерінің негізінде жүргізілген талдаулар бойынша ластану белгілерінің
жоқтығы дәлелденді. Таза судың көрсеткіштері – олигосапробтылар жоғары жиілікте кездеседі.
Сапробтылық индексі ортаның олигосапробты жағдай тән – 1,15-1,5 шегінде тербеледі.
Түйін сөздер: микробалдырлар альгофлорасы, биоиндикация, сапробтылық индексі

Жарияланды

2018-10-07

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Акмуханова Н.Р., Заядан Б.К., Садвакасова А.К., Бауенова М.О., Кирбаева Д. К., Карабекова А.Н. Альгофлора и биологическая оценка Кольсайских озёр: Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы. (2018). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 55(2), 69-79. https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/819