Inelova Z., Nesterova S., Seitkadyr K., Zaparina Ye., Gallamova G. Environmental analysis of gorge Remizovka Trans-Ili Alatau

Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

Авторлар

  • Inelova Z., Nesterova S., Seitkadyr K., Zaparina Ye., Gallamova G

Аңдатпа

Бұл мақалада Іле Алатауының Ремизовка шатқалындағы экологиялық талдау кезінде алынған
зерттеудің нәтижелері келтірілген. Флоралар экожүйені құрам бөліктерін анықтауға байланысты
және ұзақ уақыт бойы өзгерістер индикаторы ретінде қызмет етеді және оның қазіргі жағдайы
табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен бұрын орын алған оқиғалардың нәтижесі
болып табылады. Осыған байланысты кез келген аймақтың флорасын инвентаризациялау және
талдау әрдайым маңызды. Біздің заманымыздың жаһандық проблемаларының бірі биологиялық
әртүрлілікті сақтау және мәселелерді зерттеу болып табылады. Ремизовка шатқалы бұрын-соңды
аз зерттелген, сондықтан біздің жұмысымыздың мақсаты осы аймақтың флорасына экологиялық
сараптау жүргізу болып табылады.
Далалық геоботаникалық зерттеу әдістері және жаңа әдіснамалар арқылы флора зерттелді.
Тіршілік формасына байланысты Ремизовка өсімдіктер көпжылдық (623 түр немесе 69,69%),
біржылдық (143 түр немесе 15.99%) және бұталар (55 түр немесе 6,15%) болып бөлінді. Ең аз
саны екіжылдықтар (46 түр немесе 5.14%), бұталар (9 түрі немесе 1,01%) ағаштар (8 түрі немесе
0,89%) жартылайбұталар саны (6 түр немесе 0,67%), бұталар (2 түр немесе 0,22%) және лианалар
(2 түр немесе 0,22%).
Нәтижесінде Ремизовка шатқалының флораларына экологиялық талдау арқылы топтардың
классификациясы топырақ ылғалдылығына байланысты. Сондай-ақ, көпшілік бөлігін
мезоксерофиттер (423 түр немесе 47,32%), ксерофиттер (21.70%-ын 194 түр), мезофиттер
(175 түрі, 19,57%), ксеромезофиттер (92 түрі немесе 10,29%) қүрайды. Флораның ең аз бөлігі
гигромезофиттер (7 нысаны, 0,78%) және мезогигрофиттер (3 түрі, 0,34%) құрайды.
Түйін сөздер: Ремизовка шатқалы, экологиялық анализ, тіршілік формасы, экологиялық
топтар.

Жарияланды

2018-10-07

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION