Khamitova K.K., Yegemova S.S., Bauyrzhan M. Determination of soil toxicty bioassay method under the influence of phenol

1Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty 2Center of Physical Chemical Methods of Research and Analysis, Kazakhstan, Almaty

Авторлар

  • Хамитова К.К., Егемова С.С., Егемова С.С., 1Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty 2Center of Physical Chemical Methods of Research and Analysis, Kazakhstan, Almaty

Аңдатпа

Топырақ әлемдегі халық үшін азық-түлік ресурстарының 95-97%
қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығы және азық-түлік алудың
негізгі көзі болып табылады. Топырақтың ластануы топыраққа
айтарлықтай әсер етіп отыр, топырақта түрлі улы химиялық
қосылыстар бар болып және де олар топырақта ұзақ уақыт сақталып
отыр.
Фенол және оның қосылыстары ,топырақ және суларды
ластайтын негізгі органикалық ластаушылар болғандықтан,оларды
контрольға алу керек. Канцерогендік және мутагендік қасиетке ие
фенол қауіпті екінші сыныптағы зат болып табылады, тыныс алу
жолдарының, жүрек-қан тамырлары аурулары, вегетативті жүйесінің
бұзылуына зиян тигізеді.
Қоршаған ортаға фенолдардың негізгі тұсу жолдары, ол автокөлік
шығарындылары, фенол-формальдегидті шайырлар, желімдер,
пластмасса және болат өндіру, кокс өсімдіктер және тағы басқада
жолдары бар болып табылады. Фенол ауа,топырақ, және суда ұзақ
уақыт бойы сақталады, егер де оның бір уақытта үлкен көлемде
шығарған болса, немесе үлкен көлемде ұзақ уақыт шығарған болса.
Фенол ауада бір рет таралған кезде, бір күннен кем уақытта, ауада
фенолдың концентрациясы орта есеппен екі есеге азаяды. Фенолдың
топырақтан шығу уақыты 2-5 күнге дейін созылады.
Топырақтың фенолмен ластануы туралы деректер болмауының
себептерінің бірі, оны сандық анықтау үшін қажетті өте күрделі
және қымбат үлгідегі дайындау болып табылады. Бұл талданатын
үлгілердің санына айтарлықтай шектеулер қояды және мониторинг
тиімділігін төмендетеді. Қазіргі уақытта, топырақтың құрамындағы
фенолдарды анықтау нәтижелері бойынша бірнеше деректер ғана
бар.
Бұл жұмыста шалғам тұқымдарының өсуіне фенолдің әсері
зерттеді. Эксперименттер зертханалық ортада фенолмен ластанған
топырақ сынамасын алады. Белгілі дәрежеде фенолмен ластанған
тұқыммен, еш уыттығы жоқ тұқым үлгісімен, тұқым өнгіштігі және
тұқымдардың тамыр ұзындығын салыстыруға болады және оларды
есептеуге болады. Бұл өсімдіктердің өсуіне топырақтағы фенол
концентрациясы әсер етеді.
Түйін сөздер: фенол; улылық, топырақ, шалғам, экспресс
сынақтау

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-18

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE