Ерекше қорғaлaтын тaбиғи aумaқ ресурстaрын экономикaлық бaғaлaу
Аңдатпа
Бүгінгі таңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
ұйымдастыру мен дамыту саласында маңызды өзгерістер орын алуда.
Оларды ұйымдастыру мен дамыту сатысында «жасыл» экономиканың
басты маңызды бағыттары ескеріледі. Соңғы жылдары қоршаған
табиғи ортаны сақтау және экономикалық іс-әрекеттер арасындағы
өзара байланыстарды зерттеуде ілгерілеу байқалғанымен де, елдің
экологиялық жай-күйінің төмендеуі байқалуда, бұл биологиялық
алуандылықтың азаюына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
экожүйелік рөлінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мақалада
келтірілген талдау нәтижелері бойынша ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарды экономикалық бағалау барысында жалпы
экономикалық құндылық әдісінің маңызы жоғары. Себебі, жалпы
экономикалық құндылық әдісі ерекше қорғалатын табиғи аумақ
ресурстарын бағалауда тиімді құрал болып табылады. Мақалада
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына
қысқаша сипаттама берілген. Қазіргі уақытта республиканың ерекше
қорғалатын табиғи аумақ ғылыми-зерттеушілік және ағартушылық
мақсатта ғана емес, сонымен қатар, экологиялық қызмет көрсететін
жалғыз жүйе болып табылады.
Түйін сөздер: ерекше қорғалатын табиғи аумақ, рекреация,
құндылық, табиғи ресурстар, экожүйелік қызмет, экономикалық
бағалау
