«Инго-2» наноэнтеросорбент аясында қорғасынмен уландыруда егеуқұйрықтардың ішкі мүшелерінің физиологиялық және морфологиялық өзгерістері
Аңдатпа
Бұл ғылыми жұмыста қорғасынның жануарлар ағзасына әсері
зерттелген. Қорғасынның жануар ағзасында қан сандық және сапалық
көрсеткіштеріне кері әсері байқалған, сонымен қатар жоғары әсерлі
көміртекті наноқұрылымды «Инго-2» наноэнтеросорбенті жақсы
түзетушілік қасиетке ие екендігі және ағзаның гомеостазын қалпына
келтіріп, компенсациялық бейімділік реакциясын жоғарлатуға
қабілетті екендігі бекітілді. Ғылыми еңбекте, сонымен қатар
қорғасынның ішкі мүшелердің морфологиялық көрсеткіштеріне
әсері де зерттелді. Тәжірибелік топ жануарларында қайтымды
патоморфологиялық өзгерістер: гидропиялық белгілерінің пайда
болуымен, белокты дистрофиямен, тамырлардың қанға толуымен
және жекелеген қабыну инфильтраттарымен байқалды. Бірақ бұлар
компенсациялық бейімділік сипаттағы қайтымды процестертер
және бір реттік «Инго-2» наноэнтеросорбентін қабылданғаннан
кейін жоғалулары байқалды. «Инго-2» наноэнтеросорбент айрықша
әмбебапты сорбциялық қасиеттке ие екендігі зерттелді. Асқазанішек
жолдарында «Инго-2» наноэнтеросорбент сырттан түскен әртүрлі
тектегі токсикалық заттармен, әсіресе қорғасынмен байланысып
және оны ағзадан сыртқа шығарады. Жүргізілген зерттеулеріміздің
нәтижесінде «Инго-2» наноэнтеросорбентт жануарлардың ішкі
мүшелерінің морфологиялық және физиологиялық көрсеткіштеріне
әсер ету механизмінің ерекшеліктері алғаш рет анықталды.
Зерттеуден алынған нәтижелердің негізінде, егеуқұйрықтарға
«Инго-2» наноэнтеросорбентпен бір реттік пероральді енгізуден
кейін ұзаққа созылмайтын және толық қайтымды түрдегі өңештің,
асқазанның, жүректің, бүйректің және бауырдың компенсациялық
бейімділік сипаттағы морфологиялық өзгерісітерді тудыратындығы
дәлелденді.
Түйін сөздер: адам экологиясы, гематология, «Инго-2»
наноэнтеросорбенті, қорғасын, морфология, химиялық улағыштар,
энтеросорбция, экологиялық дағдарыс.
