Кеңқияқ мұнай шығу орнында уланған көл бақа (Ranaridibunda) бауырының детоксикациялық және антиоксиданттық қызметі
Аңдатпа
Кеңқияқ мұнай шығу орнынан алынған суда еритін мұнай
фракциясының 0,05; 0,5 және 1% концентрацияларымен 30 тәулік
бойы көл бақаға(Rana ridibunda) әсер етіп, бауырдың детоксикациялық
және антиоксиданттық қызметі зерттелінді. Мөлшерге тәуелділігін
арттырғанда (1,5 – 2 есе) цитохром Р450 мөлшерінің бақылау
жануарларымен салыстырғанда артқаны байқалынды, яғни, уланған
бақалардың бауырындағы детоксикация процесінің белсенділігі
көрінді. Монооксигеназдың артуы ЛАТ процесінің күшеюімен
қатар жүрді: уланған көл бақалардың мөлшерге тәуелділігін 1,5
- 2,5 есе(Р≤0,05) арттырғанда бауырдағы МДА мөлшері бақылау
жануарларымен салыстырғанда артқаны көрінді.
Бірақ организмнің антиоксидантты және детоксикациялық
жүйесінің кілтті байланыстарының бірі – қайта қалыпына келген
глутатионның мөлшері 1,3 - 2,0 есеге (Р≤0,05) төмендеп, нәтижесінде
глутатион-S-трансферазаның (в 1,3-2,1 есе Р≤0,05) индукциясы
да төмендеді.Уланған көл бақа бауырындағы ЛАТ белсенділігі
каталаза (1,2-1,5 есе) және супероксиддисмутаза (1,1 – 1,4 есе)
белсенділіктерінің баяулауының нәтижесінде жүрді. Алынған
нәтижелердің негізінде бақа бауырының детоксикация қызметінің
белсенділігі артып, антиоксидантты қорғаныс жүйесінің баяулайтыны
туралы қорытынды жасалынды. Жасалынған қорытынды бойынша
мұнаймен уланудың нәтижесінде зерттелінген жануарлар
организмінде тотығу стресінің артуы байқалынды.
Бауырда липопероксидтердің жинақталуы уланған жануарларда
адаптациялық реакцияларға кедергі келтірді және гепатоциттерде
дистрофиялық және некробиотикалық өзгерістердің дамуына алып
келді.
Түйін сөздер: көл бақа, бауыр, мұнай, цитохром Р450,малонды
диальдегид, қайта қалпына келген глутатион, глутатион-S-трансфераза, каталаза, супероксиддисмутаза.
