Зертханалық жағдайда өсірілген соя өсімдігіне жүргізілген фенологиялық бақылау нәтижесі
Аңдатпа
Мақалада зертхана жағдайында өсірілген соя өсімдігінің Диковик сортына фенологиялық бақылаулар жүргізілген. Соя тұқымын Петри табақшасына зертханалық жағдайда өсіру барысында
олардың өсірілгеннен кейін өзгеріске ұшырайтыны байқалды. Зерттеу барысында, тамырмен тұқымжарнақ арасында күлгін түсті гипокотиль байқалды. Тамырларының түсі ақшылдау, сары, кейбіреулері жасыл, тіпті қызғылт–күлгін түрі де кездеседі. Он күндік бақылауымыз бойынша, соя сорты Диковиктің гипокотиль ұзындығы 4,2–8,3 см аралығында ауытқыса, тұқымжарнақ ұзындығы
1,5–1,8 см, ал тамырының ұзындығы 10,5 см–ге жетті. Соя өсімдігі жылу сүйгіш өсімдік екені байқалды. Тұқымды еккен күннен бастап, өскіндер толық өніп шыққан кезге дейін зертханалық жағдайда
фенобақылау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде сояның өсу жылдамдығы 90%, өну қарқындылығы
65% –ды көрсетті.
Түйін сөздер: соя, гипокотиль, морфометрия, морфология, өну қарқындылығы
