Іле Алатауы Таусамал шатқалындағы дәрілік өсімдік Кәдімгі киікшөп (Origanum vulgare) өркенінің аксиллярлы бұтақтануының оның тамыр жүйесіне ықпалы
Аңдатпа
Мақалада Іле Алатауы бұталы әртүрлі шөпті белдеу «Таусамал» шатқалындағы өсетін дәрілік
өсімдіктің өркен гипокотилінің аксиллярлы бұтақтарының оның тамыр жүйесінің морфогенезіне
ықпалы мен бейімделушілік және вегетативтік көбеюіндегі маңызы туралы баяндалған. Вегететивті аналық өркеннің оның алғашқы буыны – гипокотельдің аксиллярлы бұтақтану нәтижесінде
қалыптасқан тамырлы өркендердің өсімдіктің тамыр жүйесіндегі үлесі көпшілік жағдайда ескерілмей қалады. Өркен гипокотелінің аксиллярлы бұтақтануына өсімдіктің жер бедеріндегі өркендердің
топтасып қалыптасуын туындап, оның балауса өнімінің артуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде
оның тамыр жүйесінің қарқынды дамуы мен оның тамырлы биомассасының артуында топырақтың
құнарлануына өз септігін тигізеді.
Түйін сөздер: биологиялық, морфологиялық, тамыр, бұтақтану, аксиллярлы, гипокотель








