Биологиялық ұлттық ұғымдар мен түйінді тұжырымдардың әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні

Авторлар

  • Сатимбеков Р., Мусабеков К.С., Рахимова З. Казахский государственный женский педагогический университет, Республика Казахстан, Алматы

Аңдатпа

Мақалада қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан жабайы жануарларға тікелей қатысы бар дүниетанымдық биологиялық
ұлттық ұғымдарына, түйінді тұжырымдарына және қорытынды ойпікірлеріне талдау жасалынған. Мысалы, «Бекіре ойнақ», «Тасбақа
дауылы», «Құс қанаты», «Қыдыр қамшысы», «Қызыл жұмыртқа», «Итбалықтың кіндік кесері», «Бөрі сырғақ», «Доңыздың толғағы», «Қоянның толғатуы», «Құралайдың салқыны», «Бұғының мойын жуары», «Текебұрқылдақ» (текебұрқыл), «Киіктің матауы», «Киіктің матауы» деген
ұлттық ұғымдар мен түйінді тұжырымдардың тікелей табиғат құбылыстарымен тығыз байланысты екендігі айқын байқалады. «Түз тағысы табиғатпен тілдес» деген мәтел осы айтылған ұлттық ұғымдар мен
түйінді тұжырымдардың дұрыс екендігіне нақты мысал бола алады.
Сонымен қатар, жабайы жануарларға қатысы бар сөз тіркестерінде,
теңеу сөздерде, мақал­мәтелдерде және аңыз­әңгімелерде олардың
биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін нақтылай түсетін деректер де көптеп кездеседі.
Түйін сөздер: ұлттық ұғымдар, түйінді тұжырымдар, қорытынды
пікірлер, сөз тіркестері, теңеу сөздер, мақал­мәтелдер, аңыз­әңгімелер.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-03

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ