Мұнай өндірісінің қалдықтарын өңдеудің баламалы әдісі
Аңдатпа
Берілген ғылыми мақалада мұнай қалдықтарын өңдеу және
жою мәселелерін зерттеу бағытында көмірсутектерінің құрылысына әсер етудің баламалы әдістері негізінде күн энергиясын пайдалану әдісі ұсынылады. Мұнай өндірісінің саласында күн энергиясын
қолдануының ерекшеліктері қарасытырылған. Мұнаймен ластанған
қалдықтарын және мұнай шламдарын дәстүрлі термиялық әдіспен
өңдеуінің қоршаған ортаға әсері туралы мәліметтері мен деректері
келтірілген. Құрамында мұнайы бар қалдықтарды өңдеу үшін туынды электр энергиясының сипаттамасы, сонымен қатар өңдеу жүйесін тиімді режимде жүзеге асыру үшін қажетті күн модульдерінің
әлеуетті өнімділігіне бағалау есебі жүргізілді. Мұнай өндірісіндегі
қалдықтарды өңдеудің ұсынылған әдісіне зерттеу жұмыстарының
кейбір нәтижелері көрсетілді. Үдерістің барысын, өңдеудің мерзімін
және нәтижесін алдын ала болжауға мүмкіндік беретін математикалық зерттеулер негізінде мақаланың негізгі бөлігі гелио қондырғының ерекшеліктерінен тұрады.
Түйін сөздер: мұнай қалдықтары, термиялық әдіс, баламалы
энергия, гелиоқондырғы, жану үдерісі, ПӘК.
