Табиғи және су ағымын реттеу факторларына байланысты Іле өзенінің дельта экосистемаларының қазіргі өзгеру жағдайы

Авторлар

  • Салмурзаулы Р., Нуртазин С.Т., Бухо Хошино, Нильс Тевс, Есжанов А.Б. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ

Аңдатпа

1979­2014 жылдар аралығындағы Іле өзені дельтасының әртүрлі
экосистемаларының трансформацияларын зерттеу нәтижелері көрсетілген. Соңғы бірнше онжылдықтардағы гидрологиялық режимінің, метеожағдайдының өзгерісін және космостық фотосуреттердің
анализі негізінде Іле өзенінің сулылығының төмендеуі мен дельта
аймағында экологиялық жағдайдың нашарлауы анықталған. Іле­Балқаш бассейнінің Қытай және Қазақстан бөліктерінде суды пайдалану
денгейінің өсуі дельта аймағының көптеген гидроморфты экосистемаларының кебуі мен шөлденуіне алып келді және Балқаш көліне құятын су көлемін төмендетті. Дельта аймағының суының төмендеуі аридизация және гидроморфты экосистеманың деградизациясы
процесстерінің жүруін тездететіні көрсетілген. Су көлемінің азаюы
барысында дельталық экосистемалардың трансформациясы әдетте
бас жағынан басталып, солтүстік және солтүстік­батыс бағытта дельта перифериясына қарай тарайды. Топар гидрографиялық системасының шөлденуі белсенді жүріп жатыр.
Түйін сөздер: ГИС­технология, Іле­Балқаш бассейні, Іле дельтасы, су деңгейі, гидрологиялық түзім, экосистема трансформациясы.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-03

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ