Батыс Қазақстан облысы Зеленовск ауданы өсімдік жамылғысының ластануына талдау

Авторлар

  • Рамазанова Н.Е., Токсанбаева С.Т., Инкарова Ж.И. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Аңдатпа

Өсімдік жамылғысы ландшафтардың сапасын жақсартуға ықпал ететін негізгі факторлардың
бірі болып табылады. Өсімдіктер елді-мекендердің ауданында өсе отырып, қоршаған ортада
адамның өмір сүруі үшін жайлы жағдай жасайды. Ол температураны төмендетуге, ылғалдылықты
жоғарылатуға, шуды азайтуға, жапырақтың бетіндегі шаң мен тұндыруды азайтуға және
көптеген зиянды заттардың атмосферадан жұтылуынан қорғауға ықпал етеді. Бірақ, өсімдіктер
де өз кезегінде стресске ұшырайды, адамдардың көптеген урбанизациялауымен табиғаттан
жоғары тұрған заманауи өмір жағдайында теріс әсер алады. Сондықтан, қазіргі заманғы өмір
сүру жағдайында өсімдіктердің ластануын талдау белгілі бір аумақтарды зерттеуде басым
болып табылады. Өйткені, адам мен өсімдік тікелей адам мен жануар сияқты өзара байланысқан
құрамдас болып табылады. Осыған байланысты, жоғарыда келтірілген мәлімдемелермен
үйлесе келе, мақаланың мақсаты – Батыс Қазақстан облысы Зеленовск ауданында өсімдік
жамылғысының ластануын талдау болып табылады. Өсімдік жамылғысының ластануын талдау
үшін Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының аумағынан 5 кілттік учаскіден өсімдік
үлгілерінің үлгілері алынған. Бірыңғай үлгілеу әдіснамасына сәйкес, Орал қ. ҚР БҒМ «Махамбет
Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің» РМКШ сынақ зертханасында
5 кілттік учаскіден өсімдік жамылғысының үлгілері алынды. Батыс Қазақстан облысы Зеленов
ауданында өсімдік жамылғысының ластануын талдаудың нәтижесінде Cu, Ni, Cd және Co сияқты
химиялық элементтердің шектік рауалдыконцентрациядан жоғыры екені анықталды.
Түйін сөздер: антропогендік әсер, өсімдік жамылғысы, өсімдік, шекті рауалды концентрация,
химиялық қосылыстар, ластану.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-04

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ