Шанқанай кен орнының органо-цеолитымен бихроматжәне перманганат-аниондарының адсорбциясы

Авторлар

  • Рахым А.Б., Сейлханова Г.А., Чавдари А Бабеш-Боляи Университеті, Румыния, Клуж-Напока қ

Аңдатпа

Қазіргі уақытта су объектілерінде және кәсіпорындардың ағынды суларында жиналған
улы заттардан тазарту әдістері кеңінен зерттелген. Цеолит пен әртүрлі беттік-белсенді
заттардың негізіндегі композициялық материалдар түрлі органикалық ластағыштардан, атап
айтқанда, фенолдан және оның туындыларынан, сондай-ақ органикалық табиғаттың басқа
қосылыстарынан ағынды суларды тазарту процесінде тиімділігін көрсетеді. Алайда, осындай
сорбенттермен бейорганикалық аниондардың адсорбция мүмкіндігі туралы өте аз мәліметтер
бар. Сондықтан зерттеудің мақсаты – цеолит пен беттік белсенді заттарының негізіндегі
сорбентті алу және ауыр металдардың аниондарының адсорбциясы үшін (бихромат және
перманганат аниондары) пайдалану мүмкіндігін зерттеу. Бұл мақалада Шанқанай кен орнының
табиғи цеолитіне негізделген композиттік материалдарды алу процесі сипатталған. Цеолиттің
сорбциялық белсенділігін арттыру үшін аммоний беттік-белсенді зат дидодэцилдиметилбромид
пайдаланылды. Сорбенттерді дайындаудың (беттік-белсенді заттар концентрациясы, қышқылды
өңдеуінің цеолитке әсері) және жоғарыда көрсетілген аниондардың сорбция процесін өткізуінің
оңтайлы шарттары анықталды. Беттік белсенді затымен түрлендірудің алдында тұз қышқылымен
алдын ала өңделген цеолит негізіндегі сорбент ең әсерлі болып табылды. Нәтижесінде алынған
сорбент марганец аниондарының 75%-ын және бихромат аниондардың 80%-ын су ерітіндісінен
шығара алатындығын және сулы ерітінділерден бейорганикалық аниондарды (бихромат және
перманганат) алу үшін сорбент ретінде пайдалануға болатындығы анықталды.
Түйін сөздер: цеолит, беттік-белсенді зат, адсорбция, бихромат анионы, перманганат анионы.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-04

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE