Жаркент геотермалды ыстық көзінен термофилді бактерияларды бөліп алу және сипаттау

Авторлар

  • Mashzhan A.S., Nils-Kåre B., Kistaubaeva A.S., Talipova A.B., Batykova Zh.K., Mussabekov Zh.T., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан., Берген Университеті, Берген қ., Норвегия., Ереван мемлекеттік университеті, Ереван қ., Армения

DOI:

10.26577/EJE.2019.v58.i1.01

Аңдатпа

Қысқартулар: КМЦ – карбоксиметилцеллюлоза; г/л – грамм литрға
Зерттеудің мақсаты Қазақстан, Алматы облысының Жаркент қаласындағы ыстық
геотермиялық көздерден термофилді бактерияларды бөліп алу және сипаттау болды.
Термофильді бактериялар аз зерттелген, бірақ өнеркәсіптік ферменттерді түзуге қабілетіне
байланысты микроорганизмдердің маңызды тобы. 81°C температурада өсуге қабілетті сегіз
бактериялық изолят бөлініп алынды. Изолят көміртек көзі ретінде амилазаның, протеаздың,
липазаның және целлюлозаның ыдырату белсенділігіне тексерілді.
Оқшауланған сегіз изолят ішінен жетеуі морфологиялық, микроскопиялық, биохимиялық және
физиологиялық сипаттамаларға жүктене отырып Thermus sp ретінде, ал біреуі Bacillus sp ретінде
анықталды. Зерттеу барысында Жаркент ыстық геотермиялық көзден оқшауланған бактериялар
шынайы термофилия болып табылады және олар өнеркәсіптік терматұрақты ферменттер
көзі болуы мүмкін екенін растады. Сегіз оқшауланған изоляттар ішінен төртеуі қатты ортада
(агаризацияланған) (AW4, AW5, AW7, AW8) өсіру нәтижесінде жақсы ферментативті белсенділік
көрсетті. Оқшаулау жұмыстары алдымен өсірудің әр түрлі жағдайларын комбинациялау арқылы
орындалды; температура (50, 60, 70, 80 және 90ºC), түрлі қоректік орталар (амилаз, целлюлоз,
липаз өндірушісі үшін), түрлі рН мәндері (5, 6, 7, 8 және 10). Жұмыс нәтижелері жоғары фенотиптік
әртүрлілігін және гидролитикалық ферменттерінің жоғары белсенділігін көрсетеді, бұл болашақ
зерттеулерді одан әрі өнеркәсіптік және экологиялық бағытта зерттеуге ынталандырады.
Түйін сөздер: термофилдер, Жаркент ыстық геотермиялық көзі, амилаз, липаза, изолят.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-04-03

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ