Қазақстанның жазық даласында өсетін эндемик өсімдіктердің фармакологиялық қасиеттері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2019.v58.i1.08Аңдатпа
Экологиялық жағдайдың, пайдаланатын өнімдердің сапасының нашарлауы, әр түрлі
цитостатикалық әсері бар дәрілік препараттарды мезгілсіз пайдалану нәтижесінде екінші
реттік иммунодефицитке шалдыққан адамдардың саны күрт артуда. Каспийлік соляноколосник,
кішіжапырақты сведа және тегісжапырақты климакоптера өсімдіктерінен алынған сығындыларға
жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде миелостимулдаушы әсері ең жоғары қыздырусыз
су-спирттік экстракттау әдісімен бөлініп алынған каспийлік соляноколосник өсімдігінің
сығындысы екендігі анықталды. Ол эритро-, тромбоцито- және лейкопоэзды эффективті түрде
стимулдады, сонымен қатар лейкоциттердің санын көбейту кезінде ол гранулоцитарлы және
агронулоцитарлы лейкоциттердің түзілуін бірдей мөлшерде стимулдай алды. Тегісжапырақты
климакоптера өсімдігінен алынған сығындының миелостимулдаушы әсері каспийлік
соляноколосник өсімдігіне қарағанда бәсеңдеу болды, алайда кішіжапырақты сведа өсімдігінің
сығындысынан стимулдаушы әсерінен белсендірек. Өсімдіктердің қыздырусыз алынған суспирттік экстракттарының белсенділігі термиялық өңдеуден өткен өсімдік сығындыларына
қарағанда белсендігі жоғары екендігін атап айтып кеткен жөн.
Түйін сөздер: миелостимулдаушы белсенділік, эндемик өсімдіктер, Қазақстанның аридті
аймағы.
