Баум тоғайы флорасының тамырлы өсімдіктерінің биоәртүрлілігін талдау

Авторлар

  • Sadyrova G. A әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

10.26577/EJE.2019.v58.i1.010

Аңдатпа

Мақалада Баум тоғайы флорасының биоалуантүрлілігі көрсетілген. Тоғайда негізгі орман
құраушыларына қатты жапырақты, жұмсақ жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар болып
табылады. Баум тоғайында 122 өсімдіктері 93 туыстарына және 43 тұқымдастарына жататыны
анықталды. Өсімдіктердің 122 түрдің 43 түрі ағашқа, 16 түрі бұталарға және 63 түрі шөпті
өсімдіктерге жатады. Баум тоғай флорасының жетекші тұқымдастарының талдауы Asteraceae,
Rosaceae, Poaceae, Fabaceae, Aceraceae, Oleaceae, Brassicaceae, Pinaceae, Ulmaceae, Chenopodiaceae, Cupressaceae, Salicaceae ең ірі тұқымдастары болып табылатындығын көрсетті. Тоғайда
кездесетін 59 ағаш-бұта түрлерінің 22 түрі Қазақстанның табиғи флорасына, сонымен қатар олар
14 тұқымдас пен 20 туыстарына жатады. Өсімдіктердің 37 түрі 21 тұқымдас пен 28 туыстарына
интродуценттер ретінде болып жатады. Алматы қаласы Баум тоғайының ағаш-бұта екпелерінде
кездесетін интродуценттердің орталықтарының шығу тегілері әртүрлі. Түр байлығы бойынша ең
көп кездесетін ағаш-бұтақ интродуценттерінің арасында Солтүстік Америка және Палеарктикада
өсетін түрлері жатады. Таксономиялық құрылымның талдауы Алматы қаласының Баум тоғайында
плаун, тамыр жұлын және папоротниктердің жоқтығын көрсетті.
Түйін сөздер: Баум тоғайы, биоәртүрлілік, флора, Алматы қ

Жарияланды

2019-04-04

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION