Микробалдырлардың әртүрлілігін бағалаудағы метагеномдық тәсілдерге шолу: әдістер мен проблемалар
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2019.v59.i2.01Аңдатпа
Микробалдырлар барлық су экожүйелерінде бай және күрделі биомассаның ең көп таралған
және тиімді бір жасушалы продуцент болып табылатын бір жасушалы фотосинтездеуші
микроорганизмдердің әртүрлі және үлкен тобын құрайды. Соңғы жылдары микробалдырлар
жаңартылатын энергияның әлеуетті көзі, сондай-ақ сулы экожүйені басқару үшін биоиндикаторлар
ретінде жаһандық мәнге ие болды. Микробалдырлардың алуантүрлілігін идентификациялау
– олардың экологиясын зерттеудегі негізгі мәселе. Сондай-ақ, микробалдырлардың
биоалуантүрлілігінің ауқымы, құрылымы және динамикасы туралы білім саласын кеңейту
қажет. Микробалдырлардың төменгі таксономиялық деңгейін, тұтастай алғанда тек талдаудың
морфологиялық әдістерімен ғана тез және сенімді идентификациялауға қол жеткізу мүмкін
емес. Көптеген праймерлерді пайдалана отырып ампликондар негізінде биоалуантүрлілікті
зерттеудегі метагеномдық тәсілдің дамуы биологиялық және экологиялық қорытындылардың
жаңа түсінігін береді және микробалдырлар үшін барынша мүмкін болатын таксономиялық
жүйе құру үшін филогенетика мен таксономияға ерекше назар аудара отырып, көптеген жалпы
мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл шолуда біз соңғы екі онжылдықтағы метагеномика саласындағы негізгі жетістіктерге тоқталамыз, негізгі метагеномика әдістері мен деректер
қорының статистикасын ұсынамыз, сондай-ақ метагеномика саласындағы мүмкіндіктерді,
проблемалары мен перспективаларын талқылап, әр түрлі экожүйелерде микробалдырлардың
әртүрлілігін талдауға ерекше назар аударамыз.
Түйін сөздер: микробалдырлар, метагеномика, биоалуантүрлілік, ампликон, филогенетика,
профильдеу
