Мұнай және мұнай өнімдерімен ластану есебінен топырақтың деградациялануы және оны болдырмау тәсілін жасау

Авторлар

  • Abdibattayeva M., Xintai Su, Almatova B. Umbetbekov A., Satarbayeva A., Asanova G. Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ., Қоршаған орта және энергетика мектебі, Оңтүстік-Қытай технологиялар университеті, ҚХР, Гуанджоу қ., Баишев университеті, Технопарк «Зерек» ЖШС, Қазақстан, Ақтөбе қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2019.v59.i2.02

Аңдатпа

Топырақ деградациясы және олардың салдарынан шығатын шөлейттену – әлемдік ауқымдағы
құбылыс, алайда ол Қазақстанда ерекше сезіліп отыр. Шөлейттену мен жағымсыз экологиялық
өзгерістерге алып келетін басты себептердің қатарында топырақтың химиялық ластануы
бар. Топырақтың жергілікті және аймақтық химиялық ластануы қалалар мен өнеркәсіптік
кәсіпорындардың, ашық пайдалы кен қазбаларының маңайында байқалады. Химиялық ластаушы
басым топтарға мұнайдың өзі, оған серіктес газдар, ағымдық және жерасты минералданған сулар
жатады. Қазіргі таңдағы маңызды және анағұрлым өзекті мәселенің бірі детоксикация, топырақ
деградациясының алдын алу. Орындалған зерттеу жұмысының басты идеясы мұнай-газ саласының
қалдықтарын қайта өңдеу үшін гелиокешен құрастыруда, құрамында мұнай бар қалдықтарды
өңдеу технологиясында мүлдем жаңа шешім табу. Әлемдік тәжірибеде топырақ пен суды мұнай
ластағыштарынан тазартатын алуан түрлі механикалық, физикалық-химиялық, биологиялық әдістер
қолданылады. Алайда олардың барлығы дерлік қауіпсіз және тиімді емес. Топырақтың мұнай және
мұнай өнімдерімен техногендік ластануының мәселесін шешуде фототермиялық әдістерді қолдану
тиімді. Ол кезде көмірсутекті бөлшектер топырақтан бөліп алынады. Авторлар жасап шығарған
гелиоқондырғы көмегімен мұнай өнімдері топырақтан бөлініп алынады, сонымен қатар осы жаңа
әдіс көмегімен топырақтың деградацияға ұшырауына жол берілмейді. Жұмыстың жаңашылдығы
– құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеуде және жоюда гелиоқондырғылардың алуан
түрлерін қолдануында. Ондай гелиоқондырғы мұнай қалдықтарынан көмірсутектердің барынша
бөлінуін қамтамасыз етеді, көмірсутектердің химиялық құрылымына зақым келтірмейді. Бөлініп
алынған көмірсутектер қатаю үдерістерінің қарқындылығын қамтамасыз етуші заманауи
композициялық құрылыс материалын дайындау кезінде қолданылады. Алынған нәтижелер
мұнаймен ластанған топырақты, мұнай шламдарын тазартатын жаңа әдістің қоршаған орта
үшін қауіпсіз екенін көрсетіп отыр. Бұл әдіс мұнаймен ластанған топырақты, мұнай шламдарын
тазарту сияқты маңызды экологиялық мәселені шеше алады, табиғи кешендерді қалпына келтіріп,
деградацияға ұшырауының алдын алады, топырақ қабаты мен су қоймаларының ластануын
азайтады. Өз кезегінде күн энергиясын қолдана отырып барлық мұнай өндіргіш аймақтарда мұнай
амбарлары мен шлам жинағыштарды жоюға мүмкіндік туады.
Түйін сөздер: топырақ деградациясы, техногендік шөлейттену, мұнай ластағыштары,
мелиорация, топырақты тазарту.

Жарияланды

2019-06-25

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ