Селективті бактерия штамдары негізінде қоңыр көмірдің солюбилизациясы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2019.v59.i2.04Аңдатпа
Қазіргі таңда агротехнологияның өзекті мәселелерінің жаңа парадигмаға белсенді өту
кезеңімен, яғни антропогенді әрекеттердің әсерінен өзгеріске ұшыраған топырақ құнарлылығын
арттыру және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылату технологиясы әлемдік
сұранысқа ие. Осы мәселеге байланысты гуминді қосылыстар өндірісінің жаңа технологиясы
мен эко – қарашірікті құрастыру алдында көптеген әлем мемлекеттері белсенді және бәсекеге
қабілетті. Гуминді қосылыстарды өндіру мақсатында, шикізат көзі ретінде гумин қышқылдарына
бай қоңыр көмір ұсынылып отыр. Зерттеу жұмысы барысында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен
(тотыққан) қоңыр көмір және бактерия штаммдары іріктелініп алынды. Гуминді қосылыстардың
функциональды топтарының құрамын талдауда FTIR әдісі пайдаланылды. Перспективті RBK 7
бактерия штамы көмір үлгісінің солюбилизациясына қолданылып, нәтижесінде гумин қышқылы
бөлініп алынды және кориандра өсімділігінің процесіне пайдаланылды. Нәтижесінде гумин
қышқылдарының белгілі концентрациясы топырақ құнарлылығын арттырып және кориандра
өсімдігінің өсу жылдамдығын жоғарылатқаны анықталды.
Түйін сөздер: лигнит, бактерия, гумин қышқылы, FTIR
