Жаздық арпа генотиптерінің мырыш пен кадмийге тұрақтылығын зерттеу
DOI:
10.26577/EJE.2019.v59.i2.05Аңдатпа
Бүгін және болашақта экологиялық маңызды міндеті өсімдік өніміндегі химиялық элементтерінің құрамын және оның реттелуін бақылау. Осыған байланысты модельді тәжірибелер
жағдайында әртүрлі арпа генотиптерінің кадмий мен мырышқа төзімділігіне зерттеу жүргізілді.
Жұмыс мақсаты – ортаның климаттық жағдайларына төзімділігіне және өнімділігіне ары қарай
зерттеу үшін металға төзімді генотиптерін анықтау болып табылады. Тәжірибе жұмысында
биометриялық көрсеткіштер және құрғақ биомассаның жиналуы бойынша өсу параметрлері,
сонымен қатар кадмий (40 мг/г) және мырыш (400 мг/г) иондарымен ортаның ластану жағдайында
өсінділердегі анықталатын металдар құрамы зерттелді. Алынған мәліметтер әртүрлі генотиптер
кадмий және мырыш иондарының қолайсыз әсеріне әртүрлі жауап беретінін көрсетті.
Айырмашылықтар жаздық арпаның өсу көрсеткіштерімен қатар зерттелетін металдардың
жинақталу деңгейінде де байқалады. Тәжірибе нәтижелері зерттелетін формалардың тамырлық
төзімділігін, сонымен қатар жерүсті мүшелеріне мырыш және кадмийдің түсуіне төзімділігін
анықтауға мүмкіндік берді. Анықталған төзімді генотиптер ауылшаруашылық өндірісіне
перспективті формаларды айқындау үшін Шығыс Қазақстан аймағының табиғи жағдайындағы
дала эксперименттерінде олардың ары қарайғы өнімділігі мен тұрақтылығын зерттеуге
ұсынылады.
Түйін сөздер: мырыш, кадмий, арпа, құрғақ биомассаның жиналуы, металдардың жинақталуы,
тұрақтылық.








