Таза кремний тотығын күріш қауызының күлінен синтездеу және оның сипаттамалары

Авторлар

  • Асқарұлы Қ., Азат С., Шинтай Су, Жақсылық Н. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы қ., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ., Жану проблемаларының институты, Қазақстан, Алматы қ., Оңтүстік Қытай Технология университеті, Қытай Халық Республикасы, Гуанжоу қ.

DOI:

10.26577/EJE.2019.v59.i2.06

Аңдатпа

Күріштің қауызынан (КҚ) кремнийді өндіру – қазіргі зерттеу саласында негізгі орын алып
жатқан үрдіс. Көптеген КҚ қалдық ретінде қарастырылып, өртелуде. Бұл қалдықтар тұтанып
өртке әкелуі мүмкін және одан бөлінетін түтін мөлшері қоршаған ортаны ластауы ықтимал.
КҚ-ның қалдықтарынан шығатын шаң, жақын елдімекенде тұратын адамдарда тыныс алу
жолдарының ауруын тудыруы мүмкін. Жану жағдайына, пештің түріне, күріштің алуан түрлігіне,
климатқа және басқа да құрамдарға байланысты құрамында ~10-20% кремний тотығы және
басқа да органикалық қосылыстары бар, КҚ-ның күлі түзіледі. Көптеген елдерде, соның ішінде,
Қазақстанда, әртүрлі өндірістерде кең қолданыста болатын, аморфты кремний тотығын тұтыну
көлемінің артуы себебінен КҚ-нан кремний тотығын өндіру технологиясын дамыту танымал
болып келеді. Осыған байланысты бұл жұмыста КҚ-нан кремний тотығын алу және оның жалпы
сипаттамалары қарастырылады. Келесідей нәтижелер келтірілген: рентгендік дифракция (XRD),
инфрақызыл спектроскопия (IR), КҚ-ден алынатын кремнийдің FTIR спектрлері, сондай-ақ
термограммалар және SEM бейнесі берілген. SiO2 тазалығы шамамен 99,5% құрайды. Жалпы
алғанда, КҚ кремний негізіндегі материалдарды өндіру үшін арзан шикізат болып табылады.
Түйін сөздер: күріш қауызы, нанобөлшектер, кремний тотығы, тұз қышқылы, аморфты
кремний.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-25

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ