Биосурфактанттарды продуцирлейтін микроорганизмдердің скринингі

Авторлар

  • Malik А.М., Akimbekov N.Sh., Zhubanova A.A., Abdieva G.Zh., Digel L.E., Ualieva P.S әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

10.26577/EJE.2019.v59.i2.07

Аңдатпа

Жаңа биосурфактанттарды алу негізінде экономикалық тиімді және әмбебап өнімдер
жетіспеушілігі жалпыға мәлім. Қазіргі таңда тек коммерсиялық қолжетімді биосурфакттанттардың
ішінде сурфактин, софоролипидтер мен рамнолипидтер үшін шектеулі ұсыныстары ғана бар.  Продуцирлеуші штамның негізінде жаңа биосурфактанттардың алуантүрлілігі өндірістік экономикалық кедергілерді тудырады. Сондықтан, биосурфактанттарды продуцирлейтін жаңа
микроорганизм штамдарын ашу көп еңбекті қажет етеді. Биосурфактанттар – әртүрлі микроорганизмдермен синтезделетін беттік активті заттар. Соңғы уақытта беттік активті заттардың
химиялық аналогтарына қарағанда, биоБАҚ-ты зерттеу үлкен қызығушылықты тудыруда. Негізгі
қасиеттеріне экологиялық тазалығы, биоыдырау қабілеттілігі және жоғары антимикробтық
белсенділігі жатады. БиоБАҚ-тар көптеген өндірістік (фармацевтика, косметика, тағам, химия)
салаларда, ауыл шаруашылығында және экологияда қолданылады. Биосурфактанттар беттік
заттардың тартылыс күшін эффективті төмендететін, сонымен қатар жоғары эмульгирлеуші
белсенділікке ие өзіндік компоненттермен сипатталады. Әртүрлі заттармен ластанған (мұнай,
көмір және т.б.) топырақта тіршілік ететін микроорганизмдер биоБАҚ-тың эндогенді және
экзогенді типтерін синтездейді. Зерттеу жұмысының мақсаты – биоБАҚ-ты синтездейтін
микроорганизмдерді іріктеп алу және олардың биологиялық қасиеттерін зерттеу.
Түйін сөздер: қоңыр көмір, биосурфактант, биосолюбилизация, биоконверсия, антимикробтық белсенділік, беттік активті қосылыстар (БАҚ), эмульгирлеуші белсенділік.

Жарияланды

2019-06-25

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE