Chlamydomonas reinhardtii жасыл микробалдырының пигментті мутанттарын алу және олардың морфологиялық қасиеттері мен фотосинтез аппараттарының жағдайын зерттеу
DOI:
10.26577/EJE.2019.v59.i2.09Аңдатпа
Индукцияланған мутагенез әдісімен Chlamydomonas reinhardtii Dangeard СС-124у-1, СС-
124у-2 және СС-124р-2 жасыл микробалдырларының пигментті мутанттары алынды. Олардың
морфологиялық қасиеттері және фотосинтез аппараттың белсенділігі зерттелді. Хлорофилл б
және каротиноидтардың мөлшерінің азайғаны көрсетілді. Индукциялық қисық флуоресценцияны
талдау ФС2-де электронды тасымалдануының азаюын, Qв-тотықсызданбайтын орталықтар
үлесінің ұлғаюын және флуоресценцияны фотохимиялық емес өшуінің ұлғаюын көрсетті. ФС1
– Р700 пигментінің тотығу реакциясына мутациялардың тікелей әсерінің болмауы және баяу
флуоресценцияның азаюы анықталды. УК әсері кезінде мутагендік әсердің пайда болуын ерте
анықтау үшін жылдам және баяу флуоресценция индукциялық қисықтардың параметрлерін
пайдалану ұсынылады. Алынған пигментті мутанттар биомониторингтік зерттеулерде қолданылуы
мүмкін.
Түйін сөздар: Chlamydomonas reinhardtii, хлорофилл a флуоресценциясы, баяулатылған
флуоресценция, JIP-тест, фотосинтез.








