Шу-Іле тау баурайындағы жайылым өсімдік жабынының күздік күйі

Авторлар

  • Иманалинова А.А., Усен К., Бекмухамедов Н.Е әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ., Ботаника және фитоинтродукция институты, Қазақстан, Алматы қ., Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2019.v59.i2.011

Аңдатпа

Қазіргі кезеңде мал суаратын орындары бар елді мекендер, фермалар мен қыстаулар
деградация ошақтарына айналған, оның басты себептерінің бірі малды шектен тыс жаю. Елді
мекендердің айналасындағы жайылым шөбін шектен тыс пайдалану халық көп орналасқан
өңірлер үшін, әсіресе еліміздің оңтүстік шығысында үлкен проблемаға айналған. Жердің күйін
дәстүрлі топырақ пен өсімдікжабынды жаппай картографиялау мен эксперттік-экстраполяциялық
әдістер бойынша зерттеу өте қомақты қаржы мен ұзақ уақытты қажет етеді. Қазіргі техникалық
мүмкіндіктер деңгейінде жерлердің күйі туралы ақпарларды алу жұмыстары жайылым
экожүйелерінің күйі туралы толықтай мәліметтерді қашықтықтан зерттеу әдістерін пайдалану
арқылы іске асырылады. Қашықтықтан зерттеу әдістерін жер бетіндегі зерттеулер арқылы
түзету жұмыстарын жүргізумен ұластыру керек екені жалпыға белгілі. Жоғарыда айтылғандарға
байланысты, біз жайылым ресурстарының күйін анықтау бойынша жаңа тәсіл құрастырдық, ол
мынадай жолмен жүргізіледі: ГИС-ақпараттарлы пайдалана отырып «ыстық нүктелерді» анықтау
және сандық картографиялық материалдар құрастыру үшін базалық учаскелерде жер бетіндегі
зерттеулер жүргізу.
Мақалада тау баурайының шөл белдемінде орналасқан Шу-Іле таулары баурайында
жүргізілген далалық геоботаникалық зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Жайылым
өсімдіктерінің күйі мен жер деградациясының биологиялық көрсеткіштері зерттелді, соның
негізінде жайылымдық өсімдікжабынының деградациялану дәрежесі анықталды. Зерттеу
аймағындағы өсімдікжабынның спектрлік сипаттамалары анықталды. Далалық материалдарды
талдау және ҚЗ әдістерін қолдану арқылы жайылымдардың күйі бағаланды.
Түйін сөздер: жайылым, тау баурайы, өсімдікжабын, биологиялық индикаторлар, жердің
тозуы, спектрлік сипаттама, қауымдастық, эфемерлер.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-25

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION