Шарын өзені алабының биотикалық факторлары және топырақ жамылғысы

Авторлар

  • Керімбай Б.С., Джаналеева К.М., Керімбай Н.Н. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.,

DOI:

10.26577/EJE.2019.v60.i3.01

Аңдатпа

Геожүйелік-алаптық көзқарастың маңызды мәселелерінің бірі – биіктік белдеулерде
орналасқан геожүйелердің топырақ пен өсімдік жамылғысының тіршілік ету заңдылықтарын
зерттеу. Зерттеудің өзектілігі Шарын өзені алабының ландшафтары Қазақстанның ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарына жататындығында. Мақалада геожүйелік-алаптық көзқараспен,
сандық картаграфиялауға және ГАЖ технологиясына негізделген Шарын өзені алабының топырақ
және өсімдік жамылғысы талқыланды. Зерттеу нысаны Қазақстанның оңтүстік-шығысында, ТяньШань тау жүйесінің солтүстік беткейлері бөктерінде орналасқан Шарын өзені алабы. Әкімшіліктерриториалдық тұрғыдан, бұл Алматы облысының Райымбек, Кеген және Ұйғыр аудандарының
аумағы. Авторлардың өз нәтижелері ГАЖ-технологиясын пайдалана отырып, ArcGIS 10.1-
де жасалған зерттеу аумағын сандық карталау болып табылады: физикалық географиялық,
гидрографиялық желінің, Шарын өзенінің мезогеожүйелерінің сандық тақырыптық карталары,
Жоғарғышарын мезогеожүйесінің субгежүйелерінің картасы. К.М. Джаналееваның әдісіне
сәйкес орындалған геожүйелердің топырақ жамылғысын биіктік – белдеулерге сәйкес
дифференциациялау да авторлардың жұмысының нәтижесі болып табылады. «Сандық Қазақстан»
міндеттерінің бірі ғылыми-зерттеу саласында онлайн-мүмкіндіктер мен инновациялық цифрлық
технологияларды пайдалануды қамтиды. Экологиялық туризмді жоспарлау кезінде, қоршаған
ортаны қорғау бойынша жоспарлау мен ұсыныстар жасағанда авторлардың дайындаған,
Шарын өзені алабының биіктік белдеулерінің және Жоғарғышарын, Ортаңғышарын және
Төменгішарын мезогеожүйелерінің сандық топырақ карталарын қолдануға болады. Сондай-ақ,
сандық карталарды ауыл шаруашылығы, жерге орналастыру, картографиялық және кадастрлық
жұмыстарды жоспарлау кезінде де пайдалануға болады.
Түйін сөздер: топырақ, өсімдіктер, геожүйелер, биіктік белдеулер, ГАЖ технологиясы.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-27

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ