Қияқты кен орнының қоңыр көмірінің биосолюбилизация процестеріндегі көмірсутек тотықтырушы Acinetobacter pitti RKB1 мен Bacillus sp RKB2 бактерияларының рөлі (Қарағанды қ., Қазақстан)
DOI:
10.26577/EJE.2019.v60.i3.02Аңдатпа
Жүргізілген зерттеулердің негізінде көмірсутекті тотықтырушы 5 бактериялардың екеуі Acinetobacter pitti RKB1 және Bacillus sp. RKB2 көмірде тәжірибе жасалып және таза қоңыр мен
азот қышқылды ерітіндімен алдын ала өңделген көмірді солюбилиздейтіні анықталды. 30 күн
ішінде көмірдің 25-28% құрғақ салмағының жоғалғаны анықталды. Көмірді азот қышқылымен
алдын ала өңдегенде, бұл процестің тиімділігін Bacillus sp. RKB2 культурасын қолданғанда 52%
жоғарылатты. Микробтық штаммдарды қолдану арқылы көмірдің жасушалық емес ерігіштігі РН
төмендеді, бұл кейбір сілтілі заттардың қоңыр көмір ерітіндісіне қосқан үлесін көрсетеді. Қоңыр
көмір биосолюбилизациясы екі штамм бойынша механизмдері әртүрлі. Олар Acinetobacter pitti
RKB1 синтездеген белсенді немесе жасушадан тыс заттар болуы мүмкін және Bacillus sp. RKB2
жағдайындағыдай кейбір ферменттер. HNO3 ерітіндісімен алдын ала өңделген және бастапқы
қоңыр көмірдің Acinetobacter pitti. RKB1 немесе Bacillus sp. RKB2 бактериялары әсерінен пайда
болған биосолюбилизация өнімдері мен микробтық конверсия кезінде пайда болған өнімдер
арасындағы элементтік анализдерде айтарлықтай айырмашылықтарды көрсетті.
Түйін сөздер: қоңыр көмір, тотыққан көмір, биосолюбилизация.








