«Ақжайық» биосфералық резерваты – 1980 жылдан бастап өзгеру динамикасы, қазіргі жағдайы, негізгі тәуекелдер және қауіптер
DOI:
10.26577/EJE.2019.v60.i3.03Аңдатпа
Зерттеулердің негізгі мақсаты зерттеліп жатқан территорияда «Ақжайық» биосфералық
резерваттың негізгі экожүйелік типтерін, геоботаникалық және топырақ зерттеу далалық
жұмыстарына негізделе отырып, қазіргі жағдайына анализ жасау. Жобаның негізгі зерттеу
мақсаттары соңғы 38 жылдағы аумақтағы климаттық өзгерістерге анализ жасау, Жайық өзенінің
көпжылдық гидрологиялық көрсеткіштерін анықтау, деңгейдің өзгерістерін, Каспий теңізінің
солтүстік бөлігіндегі желшегерме-желкөтерме құбылыстардың нәтижесінде биотаның қалыпты
жағдайы, ГАЖ және ЖАЗ технологияларының әдістерін қолдану арқылы ғарыш суреттерін
зерттеу. Нәтижесінде Жайық өзенінің, оған қоса Каспий теңізінің гидрологиялық және климаттық
көрсеткіштер периодтық өзгерістер байқалғаны көрсетілген. Климаттық өзгерістер негізінде,
жылдық орташа температураның көтерілуі және жылдық орташа жауын-шашын мөлшерінің
азаюы жатыр, нәтижесінде аридті зонаның жағдайын ескере отырып, бұл өзгерістердің барлығы
«Ақжайық» резерватына кері әсер алып келетіні сөзсіз. Көп жылдық өзгерістерге байланысты
Каспий теңізінің және Жайық өзенінің су деңгейі азаюда, сол себептен оның бәрі интерзональді
мезо- және гидроморфты экожүйелердің және биоалуантүрліктің азаюын алып келді. ГАЖ және
ЖАЗ-технологиялар әдістері негізінде жоба территориясындағы биогеоценоздар мониторингінің
тиімділігі көрсетілді.
Түйін сөздер: «Ақжайық» биосфералық резерват, гидрология, климат, ЖАЗ-әдістері,
карталау, ГАЖ-әдістері, Жайық өзені, антропогенді трансформация, экожүйелер деградациясы.








