Алматы бұлақтарының уытты және мутагендік белсенділігі
DOI:
10.26577/EJE.2019.v60.i3.04Аңдатпа
Бұлақтар, жер асты суларының табиғи ағындары ретінде, табиғи ортаның маңызды
құрамдас бөлігі болып табылады. Табиғи бұлақтың суы таза, мөлдір, дәмді және химиялық
құрамы жағынан үйлестірілген болып саналған соң, бұл оны адамдар үшін тартымды етеді.
Алайда, қалалық жерлерде бұлақтардың суының сапасы химиялық және бактериялық ластаушы
заттардың жер асты суларына түсу қаупі жоғары болғандықтан айтарлықтай нашарлады.
Сондықтан осы зерттеуде Алматы қаласының тұрғындары пайдаланатын бұлақ суларының уытты
және мутагендік белсенділігі аңықталды. 1-ші бұлақ Проходная өзеннің жанында орналасқан,
№ 28 автобустың аялдамасы; 2-ші бұлақ – Үлкен Алматы көліне барар жолында, Үлкен Алматы
өзен үстіндегі көпірдің алдында; 3-ші бұлақ – Көкжайлауға барар жолында, Батарейка өзеннің
жанында; 4-ші бұлақ Медеуге барар жолында, Просвещенец аялдамасында. 1, 3 және 4 бұлақ
суларында қорғасынның мөлшері ШРК көрсеткішінен асып кетті. Ауыр металдар үшін белгіленген
ШРК-ға сәйкес, 2-ші бұлақтың суы 1 сапа класына жатады және оның суы пайдаланудың
барлық түрлеріне жарамды; 1, 3 және 4 бұлақ сулары 2 сапа класына жатады. Суды пайдалану
бойынша осы кластағы сулар ішуге және ішуге арналған суды қоспағанда, суды пайдаланудың
барлық санаттарына жарамды. Биолюминесценттік сынақ көмегімен 1-3 бұлақтардың су
жоғары уыттылығы анықталды, осы бұлақтардың суы RecA және ColD биосенсорларының
биолюминесценттік реакциясын статистикалық маңызды төмендеткен (p <0.05). A. cepa
сынағында барлық зерттелген бұлақтардағы судың фитотоксикалық белсенділігі, сондайақ 1 және 3-ші бұлақтардағы судың генотоксикалық әсері анықталды, H. vulgare сынағында
3-ші бұлақ суының мутагендік белсенділігі бар екендігі анықталды, осы суда өсірілген арпа
тұқымдарының тамыр жасушаларында хромосомалық аберрациялардың жиілігі статистикалық
маңызды артты (p <0.01). Қалған зерттелген сулар бақылаумен салыстырғанда аберранттық
жасушалардың жиілігін арттырды, алайда олардың айырмашылығы статистикалық маңызды
емес. Сонымен қатар, полиплоидты жасушалар (1,5%-дан астам) 1 және 3-ші бұлақтардан
суда өсетін арпа дәндерінің тамырлық меристемасында жоғары жиілікпен анықталды, бұл осы
көздердің суларында мутагендік факторлардың болуын көрсетеді. Зерттелетін бұлақтардың
ауыр металдармен ластану деңгейіне, судың уытты және мутагендік белсенділігінің деңгейіне
салыстырмалы талдау зерттелетін су нысандарын келесі ретпен саралауға мүмкіндік береді: 3-ші
бұлақ > 1-ші бұлақ > 2-ші бұлақ > 4-ші бұлақ.
Түйін сөздер: бұлақ суы, уыттылық, мутагенділік, биосенсор штаммдар, ауыр металдар








