Тауларда күн радиациясының табиғи фонының және жасанды жарық көздердің қозғалмалы белсенділіктің циркадиандық ырғақтарына әсері

Авторлар

  • Гумарова Л.Ж., Бикинеева Э.Р., Аблайханова Н.Т., Бактыбаева Л.К., Ыдырыс А. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

10.26577/EJE.2019.v60.i3.05

Аңдатпа

Жарық циркадиандық ырғақтың уақытын реттейтін негізгі өлшеуіш. Бұл зерттеу жұмысының
негізі мақсаты – күн радиациясының табиғи фоннан шыққан қысқа толқынды жарықтың (тауда
уақыттың қысқа мерзімді болуы) және әдеттегі жасанды жарыққа тәуелді қалалық жағдайларда
циркадиандық ырғақтардың қозғалыс белсенділігін анықтау болып табылады. Зерттеулерге
тәжірибе барысында «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, Алма-Арасан шатқалы мен Үлкен Алматы
көлі жаққа кәдімгі туристік топтар құрамындағы көтерілген 45-тен 55 жасқа дейінгі дені сау
еріктілер (N=12), әйелдер қатысты. Қозғалу белсенділігін тіркеу үшін Micromotion Logger (AMI)
қозғалу белсенділігін тіркейтін портативті аспаптар, минут сайын ZCM, HPIM, PIM, жарықтандыру
деңгейін тіркейтін құралдар қолданылды. Action 4 бағдарламасының бастапқы деректерін өңдеу
пакеті ұйқы-сергектікті бағалаудың модификацияланған алгоритмін қамтиды. Циркадиандық
ырғақтар косинор-талдау негізінде бағаланды. Экофитнес жаттығулары адамдардың қозғалыс
белсенділігінің циркадиандық ырғағының барлық хроноструктуралық параметрлеріне елеулі
ынталандырушы әсер етеді. Сонымен қатар, тауға шығу ұйқының ұзақтығына әсер етеді, бұл
таудың туристер мен спортшылар ағзасының физиологиялық жағдайына әсерін одан әрі зерттеу
кезінде ескеру керек.
Түйін сөздер: орта биіктегі таулар, актиграфия, қозғалыс белсенділігі, ұйқы, жарық,
хроноструктура, туристер.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-27

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE