Жылыжай жағдайында қызанақ (Solanum lycopersicum) өніміне тұзды су мен гипстің тигізер әсері
Keywords:
сорланған топырақ, тұздылық, гипс, қызанақ, сұрып, төзімділік, засоленная почва, соленость, томат, сорт, выносливость.Abstract
Бұл зерттеу жұмысында әртүрлі дәрежедегі тұзды сулардың жылыжай жағдайында қызанақ (Lycopersicon esculentum Mill.) өсімдігінің өнімі және сапасына тигізер әсері зерттелді. Сонымен қатар тұзды топырақтың сілтілігін төмендету үшін гипс қосылды. Әртүрлі тұздылық дәрежесіндегі (2.0,3.5,5.0,7.0,10.0 дСм/м) сулардың әсерінен қызанақ тұқымының өніп шығу көрсеткіштері, жемісінің салмағы, жемістің бойы және енінің көрсеткіштері, жемістің рН – көрсеткіштері, вирустар және зиянкестермен зақым дану дәрежесі анықталды. Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері, Түркістан экологиялық аймағында жылыжай жағдайында қызанақ (Lycopersicon esculentum Mill.) өсіруде топырақтың тұздылық дәрежесінің 3,0 дСм/мден жоғары болмауы керектігін көрсетті және топырақ тұздылығын жою мәселесіне бірқатар ұсыныстар жасалды.
В данной работе исследовалось влияние разной степени солености воды на урожайность и качество помидоров (Lycopersicon esculentum Mill.) в тепличных условиях. Наряду с этим для снижения щелочности в почву был внесен гипс. Под влиянием различной степени солености воды (2.0,3.5,5.0,7.0,10.0 дСм/м) были исследованы показатели всхожести семян помидров, масса, показатели высоты и ширины, рН плодов, а также степень поражаемости их вирусами и другими вредителями. Результаты проведенных исследовательских работ показали, что уровень солености почвы в тепличных условиях Туркестанской экологической зоны не должен превышать 3,0 дСм/м и дан ряд рекомендаций по борьбе с соленостью почвы.
