АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚИҒАШ ӨЗЕНІ ФЛОРАСЫНДАҒЫ NELUMBO NUCIFERA GAERTN. ТҮРІНІҢ ЦЕНОПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE208831226Аңдатпа
Мақала Атырау облысы Құрманғазы ауданының батыс бөлігімен ағатын Қиғаш өзенінің флорасындағы Nelumbo nucifera Gaertn. түрінің ценопопуляцияларының қазіргі жағдайын зерттеуге арналған. Оған қоса осы өсімдік түрінің гүлі мен жапырағының фитохимиялық құрамы зерттелді. Бұл мақалада N. nucifera түрі ценопопуляцияларының флорасына таксономиялық, экологиялық және фитохимиялық талдау жасалған. Қиғаш өзенінің флорасындағы N. nucifera ценопопуляцияларының құрылымы біршама тұрақты және тың және генеративті өсімдіктер тобының басым екенін көрсетті. Зерттелген ценопопуляцияда Қиғаш өзені жайылмасының өсімдік жамылғысы жағалау белдеуінде ярустық құрылымы бар аралас ағаш-бұталы-шөптесін қауымдастықтан, ал акваторияда N. nucifera басым су өсімдіктері ассоциациясынан тұрады. Бұл соңғы бірнеше жылда жеткілікті тұқым жаңартуының болуымен және жасыл балдырлармен селбесіп өсуімен байланысты. Ценопопуляциялардағы N. nucifera дараларының өміршеңдігіне негізінен тіршілік ету ортасының түрі әсер етеді. N. nucifera ценопопуляцияларының зерттелген құрылымы олардың Қиғаш өзені жайылмасын Батыс Қазақстан аймағындағы флоралық және ценотикалық әртүрлілігі жоғары, қорғауды қажет ететін табиғи су-батпақты фитоценоздарының құрамындағы жақсы жағдайын көрсетеді.
Түйін сөздер: Nelumbo nucifera, популяциялар, ценопопуляциялар, Атырау облысы, Қиғаш өзені.








