Флора популяции L imonium michelsonii L incz. в горах хребта Бала Бугуты
Кілт сөздер:
эндемик, реликт, Limonium michelsonii,Аңдатпа
Мақалада сирек кездесетін, эндемдік және реликт түр Limonium michelsonii-дің Бала Бөгіті тауының «Ақшоқы» жотасы (Іле Алатауының шығыс бөлігі) маңынан табылған популяциясын зерттеудің нәтижелері берілген. L. michelsonii популяциясы бір-бірінен рельефі, жер көлемі, флоралық құрамы және өсімдіктер жабыны бойынша айқын ажыратылатын үш ценопопуляцияға бөлінеді. Флоралық құрамы бойынша No 1 және No 3 ценопопуляциялардың арасында көптеген ұқсастықтар байқалды. Олардың ұқсастық коэффициенті 0,65 тең. Зерттелген популяцияда гүлді өсімдіктердің 24 тұқымдасын, 58 туысын құрайтын 83 түрі тіркелді. Бірінші ценопопуляцияның құрамында 21 тұқымдасты және 48 туысты құрайтын 53 түр кездеседі. Олардың ішінде түрлерінің саны жағынан ең көбі Poaceae және Chenopodiaceae тұқымдастарының өкілдері болып табылады. Екінші ценопопуляцияның құрамында 13 тұқымдасты, 29 туысты құрайтын 32 түр тіркелген. Бұл жерде Chenopodiaceae тұқымдасының өкілдері айқын басымдыққа ие. Үшінші ценопопуляцияның флоралық құрамында 27 тұқымдасты, 65 туысты құрайтын 52 түр тіркелді. Олардың ішінде түрлерінің саны жағынан ең көбі – Chenopodiaceae тұқымдасы. Мақалада зерттелген үш ценопопуляцияның әрқайсысының флоралық құрамының тізімі берілген.Жүктеулер
Жарияланды
2016-01-14
Журналдың саны
Бөлім
ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Флора популяции L imonium michelsonii L incz. в горах хребта Бала Бугуты. (2016). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 34(2). https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/448
