Changes in the antioxidant defence system of the rat subjected to combined effect of crude oil and vanadium

Авторлар

  • T. M. Shalakhmetova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • B. A. Umbayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • K. E. Mahmoud Department of Biochemistry, Faculty of Agricultural, Minoufiya University

Кілт сөздер:

crude oil, vanadium,

Аңдатпа

Аммоний метаванадатын (AMV, 0,30 мг/мл) және / немесе шикі мұнай (СО, денесінің массасына шаққанда, 0,5 мл/кг) 21 күн қабылдаған еркек егеуқұйрықтарда мыналар зерттелді: трансаминдеу ферменттері – аланинаминотрансферазаның (АЛТ), аспартатаминотрансферазаның (АСТ) белсенділіктері және супероксиддисмутазаның (СОД), глутаион-S-трансферазаның (GST) антиоксидантты қорғаныштық белсенділіктері және глутатион (GSH) мөлшері. Ванадий тұзының (AMV) және / немесе шикі мұнайдың (СО) ұзақ уақыт әсері қан сарысуындағы аминотрансферазалар (АЛТ және АСТ) индукциясының айтарлықтай төмендеуіне (р < 0,001), ал бауыр мен бүйректе ПОЛ белсенділігінің жоғарылауына алып келді. Сонымен қатар супероксиддисмутаза (СОД) белсенділігінің төмендейтіндігі (р < 0,001) және глутатион (GSH) мөлшерінің азаятындығы байқалды. AMV және AMV-СО-мен әсер еткенде егеуқұйрықтың бауыры мен бүйрегінде глутаион-S-трансферазаның (GST) белсенділігі айтарлықтай төмендейді (р < 0,001), ал СО-мен әсер еткенде глутаион-S- трансферазаның (GST) белсенділігі бауырда едәуір индукцияланады (р < 0,01), бірақ та оның белсенділігі, бақылаудағы жануарлармен салыстырғанда, бүйректе өзгермейді. Ванадий тұзын қабылдаған жануарлардың барлығында улану белгісі байқалды, жануарлар салмағының төмендеуі және өлім жиілігінің жоғарылауы осының дәлелі болып табылады. Алынған нәтижелер AMV және / немесе СО-индуцирленген тотығу стресінің әсеріне, бүйрекпен салыстырғанда, бауырдың осалдау болатындығы, сонымен бірге AMV және СО-ның біріккен тотықтырғыштық стрестік әсері, олардың әрқайсысының жекелеген әсерімен салыстырғанда, айқынырақ көрінеді

Жүктеулер

Жарияланды

2016-01-14

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE