Морфологическая характеристика разновозрастных особей Ferula iliensis Krasn. ex Korov
Ключевые слова:
Ferula iliensis, вид, эндем,Аннотация
Мақалада Ferula iliensis өсімдігінің екі популяциясының əртүрлі жастық кезеңдеріндегі морфологиялық көрсеткіштерінің нəтижелері келтірілген. Популяция №1 Үлкен бөгіті тау жотасының, популяция № 2 Сюгата аласа тау жотасының, алты ценопопуляциясынан алынған (əр популяциядан үштен). Екі популяцияның əр қайсысынан Ferula iliensis өсімдігінің прегенеративтік жəне генеративтік тіршілік күйі анықталды. Зерттеудің нəтижесінде оларға морфологиялық сипаттама жасалынды, суретке түсірілді, биометриялық өлшемдер жүргізілді. Алыған мəліметтерге жасалған талдау мынаны көрсетті: ювинильдік дарақтардың мөлшері үлкен болмайды, биіктігі – 1,0-5 см, бөрікбасының диаметрі – 2,5-10 см жəне жапырақтарының саны 2-3-тен аспайды; имматурлық тіршілік күйінің биіктігі біршама жоғары 1,75-11,8 см аралығында; бөрікбасының диаметрі 4,17–24,5 см, ал осы жылғы жапырағының саны – 2-4 дана. Ferula iliensis өсімдігінің вегетативтік тіршілік күйінің биіктігі 5,5-тен 21 см-ге дейін, бөрікбасының диаметрі күрт ұлғайып 30,8-ден 61,8 см-ге дейін жетеді. Осы жылғы жапырақтарының саны 5-6 данаға, өткен жылдағысы 6-дан 21-данаға дейін болады. Ferula iliensis өсімдігінің генеративтік тіршілік күйіне тік өсетін (ортотропты) өркенінің пайда болуы тəн.Библиографические ссылки
бразия. –Бишкек, 2010. – С.142-147.
2 Сафина Л.К. Ферула Средней Азии и Казахстана. – Алматы, 2012. – 244 с.









