Шығыс Арал маңының өзгеріске ұшыраған топырақтарының биоэкологиялық функцияларының қалыптасуы

Авторлар

  • F. E. Kozybayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • G. B. Beyseeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • K. A. Dautbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • G. N. Nurseyit Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

топырақ, мелиорант, гумус, гранулометриялық құрам, тұздалу, ауыр металдар, сауытты кенелер, почва, гранулометрический состав, засоление, тяжелые металлы, панцирные клещи.

Аңдатпа

Тәжірибе телімінің топырақтарының гранулометриялық құрамы құмды, гумус мөлшері төмен, жалпы және жылжымалыазот елеулі мөлшерде, карбонатты, рН ортасы сілтілі, ғаныш, калиймен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Мелиорант ретінде биокөмірді енгізу топырақтың төменгі қабаттарында ылғалдың сақталуына және топырақтағы органикалық заттардың біршама артуына әсер етті. Тұздардың жинағы бойынша топырақ біркелкі тұздалмаған, тұздалу дәрежесі әлсіз тұздалудан орташа тұздалу дәрежесіне дейін, топырақ бикорбанатты- сульфатты анионды және кальций катионы басым бола отырып, магнийлі- калийлі- кальцийлі катионды құрамдыға жатады. Ауыр металдардың жалпы және жылжымалы формалары : мырыш, мыс, кадмий норма шегінде, қорғасынның жалпы түрі шектеулі жол берілген мөлшерден (ПДК) 1, 2 есе артады. 0-10 см қабатта топырақтың сауытты кенелерін зерттеу мынаны көрсетті, температураның жоғарылығына, топырақтың жоғарғы қабатының құрғақ болуына байланысты зерттелетін телімде олардың бірлі- жарымды даналары ғана кездесті.

Почвы опытного участка характеризуются песчаным гранулометрическим составом, низким содержанием гумуса, азота, как валового, так и гидролизуемого, калием обеспечены, карбонатные, щелочной средой, значительным содержанием гипса, внесение биоугля как мелиоранта повлияло на сохранение влаги в нижних слоях и в некотором увеличении органического вещества почвы. По сумме солей почвы имеют неравномерное засоление от слабо до средней степени засоления, относятся к бикорбанатно- сульфатным анионным и магниево- калиево- кальциевым катионным составом с преобладанием катиона кальция. Валовые и подвижные формы тяжелых металлов –цинк, медь, кадмий находятся в пределах нормы, валовой свинец в 1,2 раза превышает ПДК. Иследованияпредставителей почвенных панцирных клещей на глубине 0-10 см показали, в связи с высокой температурой, абсолютной сухостью поверхности почвы, на исследуемых участках обнаружены их единичные экземпляры.

Жүктеулер

Жарияланды

2016-04-29

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ