ЕРТІС ӨЗЕНІ АЛАБЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАСЫНЫҢ КҮКІРТ ДИОКСИДІ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫМЕН ЛАСТАНУЫ (Өскемен қаласының мысалында)

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы қ., *e-mail: akmaral1980@mail.ru 2«География Институты» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ.

Авторы

  • Толепбаева А.К., Уразбаева Г.М. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы қ., «География Институты» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ
        117 84

Аннотация

Әр түрлі өндіріс салаларының қызметінен соңғы уақыттарда атмосфера ауасы да қатты
ластануда. Сондықтан да қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі, осы ауа қабатының
ластануы болып отыр. Атмосфералық ауаның ластануына байланысты сұрақтар, қазіргі таңда
жекелеген мемлекеттердің шегінен шығып, бүкіл дүние жүзінің елдеріне ортақ болуда.
Жұмыстың мақсаты – Ертіс өзені алабының бойындағы Өскемен қаласының атмосфера
ауасындағы күкірт диоксидін зерттеу.
Мақалада Қазақстандағы күкірт диоксидінің орташа тәуліктік шекті жол берілген қоспаның
шоғыры (ШЖШ) және оны басқа елдердің де атмосфералық ауа сапасының критерийлерімен
салыстыра отырып, қысқаша талдау жасалған. Қазақстанда атмосфера ауасы күкірт диоксидімен
ластануы жоғары болып саналатын Ертіс өзенінің алабындағы негізгі ірі өнеркәсіп орталығы және
әртүрлі бағыттағы өнеркәсіп орындары шоғарланған, ерекше урбандалған Шығыс Қазақстан
облысының аумағы болып табылады. Осыған орай, мақалада Ертіс өзені алабының бойындағы
Өскемен қаласының атмосфера ауасының зиянды заттармен, соның ішінде күкірт диоксидімен
ластануына тоқталып, әр түрлі дерек көздерінің мәліметтеріне сүйене отырып, талдау жасалды.
Негізгі ластану себебін қарастыра отырып, қоршаған ортаға тигізетін зиянын, соның ішінде
адамзат денсаулығына кері әсер етуден туындайтын салдарлар қарастырылды.
Берілген жұмыстың тәжірибелік құндылығы Қазақстандағы күкірт диоксидінің шоғырлануын
басқа елдермен салыстыра отырып, зерттеу аймағының негізгі ластану себебіне тоқтала отырып,
қоршаған ортаға тигізетін зиянын анықтау мен ұсыныстар жасау болып табылады.
Зерттеу үшін жүйелік талдау, синтез, экологиялық-статистикалық, салыстырмалы әдістер
мен картография әдісі қолданылды.
Негізгі нәтижелер зерттеу бекеттерінің сынамалары мен Эколологиялық қауіпсіздік
Орталығының есеп берулерін негізге ала отырып жасалған. Қорытындылай келе мақалада Өскемен
қаласының атмсофера ауасының ластануын төмендетуге байланысты ұсыныстар жасалды.
Түйін сөздер: экологиялық дағдарыс, ластану, өндірістік кәсіпорын, күкірт диоксиді, шекті
жол берілген қоспаның шоғыры (ШЖШ).

Загрузки

Как цитировать

Уразбаева Г.М., Т. А. (2018). ЕРТІС ӨЗЕНІ АЛАБЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАСЫНЫҢ КҮКІРТ ДИОКСИДІ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫМЕН ЛАСТАНУЫ (Өскемен қаласының мысалында): Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы қ., *e-mail: akmaral1980@mail.ru 2«География Институты» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ. Вестник КазНУ. Серия Экологическая, 52(3), 76–87. извлечено от https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/782

Выпуск

Раздел

ОЦЕНКА ДЕЙСТВИЯ ЗАГРЯЗНИТЕЛЕЙ ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ НА БИОТУ И ЗДОРОВЬЕ НАСЕЛЕНИЯ