Қазақстандағы ірі жыртқыш сүтқоректілердің таралуы, саны мен кейбір экологиялық ерекшеліктері: аналитикалық шолу

Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы; РГП «Институт зоологии» КН МОН РК, Казахстан, Алматы

Авторлар

  • Бижанова Н.А., Грачев Ю.А., Сапаров К.А. 1Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, А 2РГП «Институт зоологии» КН МОН РК, Казахстан, Алматы

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан аумағында мекендейтін ірі жыртқыш сүтқоректілердің таралуы, саны
және тіршілік ету қалпы бойынша деректер берілген, бұл Қазақстанның әр түрлі аймақтарының
публикациялары және жиналған жаңа материалдардың негізінде жасалынған.
Ірі жыртқыш сүтқоректілерден Қазақстан Республикасы аумағында ит тұқымдастарының
(қасқыр – Canis lupus), аю (қоңыр аю – Ursus arctos, 2 түр тармағы), сусар (құну – Gulo gulo)
және мысық тұқымдастарының (сілеусін – Lynx lynx, 3 түр тармағы, қарақал – Caracal caracal,
қар барысы – Uncia uncia) өкілдері мекен етеді. Сондай-ақ, XX ғасырдың 50-шы және 70-ші
жылдарына дейін Қазақстан аумағында қызыл қасқыр (Cuon alpinus), жолбарыс (Panthera tigris) пен гепард (Acinonyx jubatus) кездесетін. Жүргізілген талдамалы шолу негізінде аталмыш
ірі жыртқыш сүтқоректілер түрлерінің көбісінің ареалының, сондай-ақ олардың сандарының
қысқарғаны көрініп тұр. Ірі жыртқыш сүтқоректілер түрлерінің көбісінің таралуы және саны
бойынша толық масштабты зерттеулер дерлік жүргізіліп жүрген жоқ. Бүгінгі таңдағы бар
деректер көп жағдайда ескіргендіктен немесе үзілмелі болғандықтан, мұнан былайғы жерде
ірі жыртқыш сүтқоректілердің биологиясы және экологиясы бойынша зерттеулерді жүргізу –
қажетті де өзекті мәселе екені анық.
Түйін сөздер: ірі жыртқыш сүтқоректілер, түрдің таралуы, мекен ортасы, сандары, тіршілік
ету қалпы.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-04-28

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазақстандағы ірі жыртқыш сүтқоректілердің таралуы, саны мен кейбір экологиялық ерекшеліктері: аналитикалық шолу: Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы; РГП «Институт зоологии» КН МОН РК, Казахстан, Алматы. (2018). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 52(3), 96-111. https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/786