Жарменов А.А., Сатбаев Б.Н., Аймбетова Э.О., Филипова M., Минжанова Г.М. Рациональное использование отходов металлургических производств с получением химически стойких композиционных материалов

РГП «Национальный центр по комплексной переработке минерального сырья РК, Казахстан, г. Алматы

Авторлар

  • Жарменов А.А., Сатбаев Б.Н., Аймбетова Э.О., Филипова M РГП «Национальный центр по комплексной переработке минерального сырья РК, Казахстан, г. Алматы

Аңдатпа

Мақалада металлургиялық өндіріс саласының қождары негізінде химиялық тұрақты және
жоғары температуралы композициялық материалдарды алу бойынша зерттеу нәтижелері
ұсынылған. Жеміргіш химиялық орта әсерінен қондырғылар мен техникалық құрылымдарды
қорғау мәселесі қазіргі заманғы химиялық, металлургиялық, мұнай-химиялық, электрохимиялық
және басқа да өндіріс салалары үшін аса маңызды болып келеді. Түрлі химиялық және физикалық
қасиеттерге ие, әрі осы өндіріс салаларында қолданылу ауқымы кең материалдардың бар болуы
олардың ішінен ең тиімдісін таңдау және қорғау әдісін қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады.
Бұл өз кезегінде қажетті қасиеттер кешеніне ие жаңа композициялық материалдар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдар өндірісін дамытуды қажет етеді. Әзірленген жаңа химиялық
тұрақты және жоғарытемпературалы материалдардың түрлі технологиялық артықшылығы бар:
беріктігі жоғары, химиялық тұрақты, термо- және тозуға тұрақты, қажалу коэффициенті төмен,
шикізат базасы кең әрі қолжетімді, өндіру технологиясы қарапайым және икемді. Бұдан басқа,
композициялық материалдар өндірісіне қалдықтарды қолдану мәселесі сол қалдықтармен
ластанған аймақтардың қоршаған ортасының күйін және экологиялық ахуалын жақсартуға
мүмкіндік береді. Композициялық материалдардың оңтайлы құрамдары және оларды өндірудің
технологиялық сызбанұсқасы жасалды.
Түйін сөздер: қалдықтар, металлургиялық өндіріс, керамикалық материалдар, фракциялар,
композициялық материалдар, электрокорунд.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-04-28

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жарменов А.А., Сатбаев Б.Н., Аймбетова Э.О., Филипова M., Минжанова Г.М. Рациональное использование отходов металлургических производств с получением химически стойких композиционных материалов: РГП «Национальный центр по комплексной переработке минерального сырья РК, Казахстан, г. Алматы. (2018). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 53(4), 42-54. https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/793