Сейлхан А.C., Мирзадинов Р.А. Процессы восстановления растительного покрова пастбищ Куртинского сельского округа Алматинской области

Казахский национальный аграрный университет, Казахстан, г. Алматы

Авторлар

  • Сейлхан А.C., Мирзадинов Р.А. Казахский национальный аграрный университет, Казахстан, г. Алматы

Аңдатпа

Мақалада Күрті ауылдық округы жайылымдарындағы өсімдік жамылғысының қалпына келу
үдерістерін зерттеу нәтижелері баяндалған. Авторлар түзете картографиялау жұмыстарын
жүргізген, өсімдік жамылғысының қалпына келу жолдары әр уақыттағы мәліметтерді салыстыру
арқылы зерттелген. Мақаланың негізіне Күрті ауылдық округының териториясында 2015 жылы
жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен өсімдік жамылғысының қалпына келу
динамикасын анықтау барысындағы бақылаулар енді. Аталған аймақтық өсімдік жамылғысының
қалпына келу үдерістерін анықтауда сол кездегі Алматы облысы Күрті ауданының 1991 жылғы
1:200000 масштабтағы П.Е. Ертаева мен И.Н. Вознесенскаяның 1979–1991 жылдар аралығында
жинаған мәліметтерінің негізінде дайындалған геоботаникалық картасы негіз болды. Зерттеу
барысында геоботаникалық картаның және арнайы түзете картографиялау әдісінің көмегімен
зерттеу нысаны болып табылатын контурлардың геоботаникалық мазмұнына толықтырулар
мен түзетулер енгізілді. Жұмыс барысында автокөліктің көмегімен арнайы маршрутты жоспар
ұйымдастырылды. Жүріп өтетін маршруттың пішіні мен топографиялық түсірілімдерде
ерекшеленген қажетті контурлар бақылауға алынды. Зерттеу жүргізілген ауылдық округының
территориясын қайта түзете картографиялаудың нәтижесінде алынған мәліметтерге
экстраполяция мен өзгертулер арнайы бланкіге толтырылды. Жұмыс барысында жүріп өткен
контурлардан байқалған өзгерістер осыдан 24 жыл бұрын алғаш жасалған зерттеу жұмыстары
мен 1982 жылғы А.П. Попова, 2009 жылы И.Р. Мирзадиновтардың зерттеулерімен салыстыра
жүргізілді. Аталмыш ауданның кейінгі жылдардағы жағдайына қысқаша мәліметтерге шолу
жасалынып, Р.А. Мирзадинов сынды отандық геоботаник бастаған бірқатар топ ҚР Білім және
ғылым министрлігімен бөлінген мемлекеттік зерттеу бағдарламаларының аясында 2003, 2006,
2009 жылдары зерттеулер жүргізілді. Жалпы еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ауданның 24
жыл ішіндегі жағдайы қысқаша келтіріледі. 1982 жылғы А.П. Попованың Күрті ауылдық округы
бойынша таңдалып алынған №42, №49, №54, №56, №143, №60, №61, №44, №52, №144, №140,
№58, №53, №47, №48, №139 №145 контурларына 2015–2016 жылдары арнайы түзетулер
енгізілді. Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы Күрті ауылдық округының жайылымдық
күйіне және аридті территориясына арнайы әдістердің көмегімен мониторингісін анықтауға
әрі оларды тереңірек ұғынып, зерттей отырып болашақтағы ауылшаруашылыққа қажетті
потенциалын тиімді бағалауға алынған құнды мәліметтердің барынша қажеттілігіне қарай сол
жердің экожүйесін жақсарту мен қалпына келтіруге көзделген шараларға бағалы тірек көзі
болмақ. Мақаланың тәжірибелік маңыздылығы Күрті ауылдық округының жайылымдық күйін
анықтауға әрі аридті территориясына мониторингі жүргізуге оларды жан-жақты зерттей келе,
болашақта тиімді пайдалануға алынған құнды деректерді қажеттілігіне қарай сол территорияның
жайылымды жерлерінің экожүйесін жақсартуға әрі қалпына келтіруге көзделген шараларға тірек
әрі қосымша көмек ретінде қажет болары анық.
Түйін сөздер: шөлдену, маршруттық түзете картографиялау, өсімдікжабын динамикасы,
қалпына келу үдерістері.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-04-28

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION

Дәйексөзді қалай келтіруге болады