Sutuyeva L.R., Shalakhmetova Т.М., Trudeau V.L., Kolumbayeva S.Zh., Lovinskaya A.V. Growth and development of the green toad (Bufo viridis) from the water bodies of the oil producing regions of Kazakhstan

Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty; University of Ottawa, Canada, Ottawa,

Авторлар

  • Sutuyeva L.R., Shalakhmetova Т.М., Trudeau V.L., Kolumbayeva S.Zh., Lovinskaya A.V

Аңдатпа

Қоршаған ортаның мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы жануарлардың алуантүрлілігінің азаюы мен адамдардың ауруына әкеледі. Мұнай өндіретін аймақтарда орналасқан
Қазақстан суқоймаларының қарқынды ластануына байланысты біздің зерттеуіміздің мақсаты
түрлі мөлшердегі мұнайдың жасыл құрбақаның (Bufo viridis) өсуі мен дамуына әсері. Құйрықсыз
амфибияның бұл түрі Қазақстан аумағында кеңінен тараған, бұл әсіресе мұнай өндіретін
аймақтардың әсерінің құрғақтығын ескергенде өте маңызды. Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау
суқоймаларында кездескен концентрацияларының мұнай көмірсутектері арқылы жасыл құрбақа
(Bufo viridis) итшабақтарына созылмалы әсер етті. Зерттеулер нәтижесі сынамалық топтағы
итшабақтардың даму қарқынының төмендеуі (ұзындығы және салмағы) және өсуінің басылып
қалғанын көрсетті. Дамуы және өсуінің баяулауының себебін түсіну мақсатынды жасыл құрбақа
(Bufo viridis) итшабақтарының бауырындағы липидтердің гидроперекисі және малон диальдегиді
(ЛГП және МДА) мен антиоксиданттық қорғау ферменттердің белсенділігі зерттелді. Зерттеулер
нәтижесінде ЛГП және МДА өнімдері мұнай көмірсутектерінің әсерінен өседі, ал антиоксиданттық
ферменттердің белсенділігі керісінше төмендейді, бұл жағдай зерттелген итшабақтардың
бауырындағы оксидативті күйзелістің күшейгенін көрсетеді. Осылайша Қазақстанның
мұнай өндіретін аймақтарындағы суқоймаларынан табылған концентрацияларындағы мұнай
көмірсутектері жасыл құрбақаның (Bufo viridis) өсуі мен дамуының тежелуіне әкелетін себебі
оксидативті күйзелістің өрбуі болып табылады.
Түйін сөздер: мұнайдың суда еритін фракциясы, Bufo viridis, өсуі, дамуы, оксидативті
күйзеліс, липидтердің тотықпен қышқылдандыруы, антиоксидантты ферменттер.

Жарияланды

2018-10-07

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION