Zayadan B., Usserbayeva A., Bolatkhan K., Akmukhanova N., Kossalbayev B., Baizhigitova A., Los D. Screening of isolated and collection strains of cyanobacteria on productivity for determining their biotechnological potential

al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

Авторлар

  • Zayadan B., Usserbayeva A., Bolatkhan K., Akmukhanova N., Kossalbayev B., Baizhigitova A., Los D.

Аңдатпа

Цианобактериялар белоктар, көмірсулар, каротиноидтар, витаминдер және липидтер тәрізді
кең спектрлі метаболиттерді өңдіреді және оларды адамдар мен жануарларға қорек ретінде,
фармацевтикалық және косметикалық өндірістерде, сонымен қатар энергия көзі ретінде
пайдалануға болады. Белгілі болғандай, цианобактерияларды жанармай шикізаты ретінде қолдану
технологиясы қазіргі таңдағы баламалы энергия көздерін пайдалану жолдарының арасында негізгі
болып саналатын белгілі орындардың бірін алады. Бүгінгі таңда цианобактериялардың түрлерін
ағын суларды қолдана отырып, оның биомассасынан биодизельді отын алу мақсатында пайдалану
жұмыстары қарастырылуда. Оларды биотехнологияда пайдалану үшін өндірістік штамдарға
сұрыптау жүргізілуі қажет. Биотехнологияда қолданылатын штамдар мен түрлердің маңыздылығы,
бірінші кезекте, олардың өнімділігіне тікелей байланысты. Мақалада цианобактериялардың
бөлініп алынған және коллекциялық штамдарын (Cyanobacterium sp. B-1200, Cyanobacterium
aponium IPPAS B-1201, Synechococcus elongatus 7942, Anabaena variabilis R-I-5 және Nostoc calsicola
RI-3) сұрыптау жұмыстарының нәтижелері келтірілді: Зерттелген цианобактериялардың тұрақты
флуоресценциясының салыстырмалы көрсеткіштеріне, клеткалардың өсу жылдамдықтарына
және құрғақ салмағының жинақталуына талдау жасалынды. Осы тұрғыда, ең жоғары оптикалық
тығыздық Anabaena variabilis R-I-5 (1,191) және Cyanobacterium sp. B-1200 (1,281) штамдарында
анықталды. Флуоресценция көрсеткіші бойынша Cyanobacterium sp. B-1200 (26101 сал.бірл)
және Anabaena variabilis R-I-5 (25054 сал.бірл) цианобактерияларының жоғары фотосинтездік
қарқындылығы тіркелді. Сонымен қатар, зерттелген Anabaena variabilis R-I-5 және Cyanobacterium aponium IPPAS B-1201 штамдарында салыстырмалы тұрғыда жоғары биомасса алынды – 1,19
г/л және 1,36 г/л. Алынған нәтижелер бойынша, Cyanobacterium sp. B-1200 және Anabaena variabilis R-I-5 цианобактерия штамдарының өнімділігін көрсететін өсу қарқындылығы, флуоресценция
және биомасса жинақталуы бойынша жоғары көрсеткіштерге ие екені анықталды. Осы тұрғыда,
сұрыптау нәтижесі бойынша биотехнологияда бағалы метаболиттердің әлеуетті өндірушілерін
анықтау мақсатында физиолого-биохимиялық қасиеттерін келешекте зерттеу үшін Cyanobacterium stanieri B-1 және Anabaena variabilis R-I-5 штаммдары сұрыптап алынды.
Түйін сөздер: сұрыптау, цианобактериялар, биомасса, флуоресценция, биотехнологиялық
потенциал.

Жарияланды

2018-10-07

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION