Bodrosheva N.G., Balinova N.V., Streltsova T.A. Ecological situation in the republic of altai and state of population health
FSBSU HPE Gorno-Altaisk State University, Gorno-Altaisk 2FSBSU «Research Centre for Medical Genetics», Moscow
Аңдатпа
Аталған жұмыста 2010 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта
Алтай Республикасы тұрғындарының ауру-сырқау, өлім-жітім, туылу
бойынша диагноздар, қатерлі өскіндердің себептері бойынша
мәліметтер сараптамаларының нәтижелері берілген. Зерттеудің
медико-статистикалық және аналитикалық әдістері қолданылды.
Демографиялық көрсеткіштердің, халықтың ауру-сырқауы мен
мүгедектігінің деңгейлері мен құрылымдарының тенденциялары
анықталды. Алтай Республикасының демографиялық жағдайын
эколого-географиялық бағалау жүргізілді, демографиялық жағдай
халықтың ауру деңгейіне жанама әсер ететіндігі анықталды.
Өткен жылдар ішінде демографиялық жағдай әлеуметтік фактор
– байырғы халықтардың (алтайлықтардың) көпбалалы отбасы болу
дәстүрінің есебінен айтарлықтай жақсарғандығы тіркелді, бірақ
осыған қарамастан жалпы және біріншілік ауруға шалдығу деңгейінің
өсуі және ересек тұрғындар арасында мүгедектік көрсеткіштерінің
айтарлықтай төмендеуі тіркелген. Ресей Федерациясы, Сібір
Федералдық округі бойынша жинақталған мәліметтермен салыстыра
отырып Алтай Республикасының ересек тұрғындарының қанайналым
жүйесі ауруларының көрсеткіштеріне баға берілді. Жетекші орынды
қанайналу мүшелерінің аурулары алады (312,0), бірақ бұл топ бойынша
көрсеткіштер жалпыресейлік (276,0) және Сібір Федерациялық
округі (310,6) мәліметтерінен қатты ерекшеленбейді, бірақ олар өлім
себептерінде бірінші қатарда тұр.
Түйін сөздер: денсаулық, медико-демографиялық жағдай, Алтай
Республикасы, туылу, өлім-жітім,








