Streltsova T.A. Natural virus-free Grounds of the Altai mountains as longevity’s bioresource of valuable varieties and problems of potato degeneration
Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
Аңдатпа
Жұмыста Nostoc calsicola Z-2 және Synechococcus elongatus IS-2 цианобактериялар штаммдары көмегімен су сынамасына
биотестілеу жүргізілді. Су сынамалары Алматы қаласының тазарту
ғимараттарының үш нүктесінен таңдалып алынған: биотоған суы,
Сорбұлақ қоймасының суы және «Тоспа су» тазарту станциясының
жанындағы биологиялық тазартудан кейінгі алынған су. Бақылау
ретінде құрамына іріктелген сынамалардан алынған су қосылмаған
стандартты қорек ортасы пайдаланылды. Nostoc calsicola Z-2
штаммы көмегімен, колония диаметрі бойынша есептелген, Алматы
қаласының тазарту ғимаратының су сынамалары улылықтың индекс
факторы УИФ мәндерінің 0,57-ден 0,73 аралығында тербелетінін
көрсетті, ол орта және төменгі улылық класына сәйкес келеді және
бақылаумен салыстырғандағы тәжірибеде тест-функция шамасының
төмендеуі кезінде пайда болады. Алматы қаласының тазарту
ғимараттарындағы су сынамалары Nostoccalsicola Z-2 және Synechococcus elongatus IS-2-ге қатысты улылықтың орта және төменгі
деңгейлерімен сипатталады. Жүргізілген биотестілеу нәтижелері
Nostoccalsicola Z-2 цианобактериясының штаммы тестіленетін су
сынамаларына қатысты сезімтал тест-объект болып табылатынын
және ластанған су қоймаларын биотестілеу үшін модельдік объект
ретінде қолданылуға ұсынылуы мүмкін екендігін көрсетті.
Түйін сөздер: цианобактерия, биотестілеу, улылықтың индекс
факторы, улылық, Сорбұлақ қоймасы








