Aқтөбе флористикaлық aудaнының мәдени өсімдіктерінің жaбaйы туыстaрын зерттеу

Авторлар

  • Ишмурaтовa М.Ю., Имaнбaевa A.A., Копбaевa Г.Б. Мaнгышлaк экспериментaлды ботaникaлық бaқ, Қaзaқстaн, Aктaу қ.

Аңдатпа

Зерттеу мақсаты – Ақтөбе флористикалық ауданының мәдени
өсімдіктерінің жабайы туыстарының түр құрамын айқындау.
Мақалада мәдени өсімдіктердің жабайы туыстарының түр құрамына
және болашағының дәрежесіне сараптама жасалынды. Жарияланған
деректер мен өздеріміздің далалық зерттеулер мәліметтерін өңдеу
нәтижесінде осы флористикалық ауданда мәдени өсімдіктердің
жабайы туыстары 22 тұқымдас пен 81 туысына тиісті 153 түрді
құрады. Мәдени өсімдіктердің жабайы туыстарының ең көп түр
саны Poaceae (43 түр), Fabaceae (39 түр), Chenopodiaceae (20 түр)
және Asteraceae (12 түр) тұқымдастырында байқалды. МӨЖТ-ның
түрлерін басымдылығына сәйкес талдауда өсімдіктер келесідей
орналастырылды: 1-ші топқа (мәденилендіруге тікелей ұсынылған
түрлер, сұрыптары бар) – 32 түр; 2-ші топқа (будандастыруға тікелей
қатысатын, гендердің көзі немесе телім есебінде пайдаланатын
түрлер) – 2 түр; 3-ші топқа (жақын туыстығы бар мәденилендірілген
(ара құрам бір секция немесе туысасты), шаруашылыққа пайдалану
үшін құнды түрлер) – 19 түр; 4-ші топқа (халық селекциясында және
жинақтауда пайдаланатын туыстың басқа да пайдалы түрлері) – 2
түр; 5-ші топқа (аталмыш туыстың барлық қалған түрлері) – 98 түр.
Түйін сөздер: экология, Ақтөбе флористикалық ауданы, мәдени
өсімдіктердің жабайы туыстары, болашағы, шаруашылық қасиеті,
флора.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-19

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ