«Aquamira» суын биогенизациялаудың инновациялық технологиясы
Аңдатпа
Бұл мақалада Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
«Биофизика және биомедицина» кафедрасында жасалынып
шығарылған, «Aquamira» атты биогенді суды алуға негізделінген суды
табиғи тектес ұқсатудың инновациялық технологиясы қарастырылған.
Судың құрылымы, фазалары және молекулярлық қасиеттері
жөніндегі ең соңғы мәліметтер келтірілген. Судың құрылымдық
жады жөніндегі классикалық физиканың көзқарастарымен қатар,
биофизикалық ғылымның да заманауй көрінісіне негізделген
ерекшеліктері қарастырылған. Гидроплазманың тіршілігі жайындағы
деректерге дәлелдер келтірілген. Судың биологиялық мүмкіндігін
арттыратын су өңдеудің түрлі әдістеріне талдау жасалынды.
Биогенизацияның дәл табиғи тектес технологиясын пайдаланудың
қажеттілігі дәлелденді. Суды өңдеу процесі этаптарының
сипаттамасымен бірге «Aquamira» суын биогенизациялауға
арналған технологиялық бағыттың сызбасы көрсетілген. Суды
биоструктуризациялаудың технологиясы сипатталынған.
Биогенизацияның биофизикалық технологияларын өндірістің аралас
салаларында пайдаланудың мүмкін жолдары қарастырылған. «Aquamira» биогенді суының ерекше қасиеттері және оның «Aquamira йод»
түрлерінің адам организміне оңтайлы әсерлері сипатталынған. Суда
йодофильденген гидроплазманың қалыптасуының инновациялық
технологиясы сипатталынған.
Түйінді сөздер: сутекті байланыстар, су кластерлері, «судың
құрылымдық жады», биогенизация, антиэнтропиялық биогенератор,
гидроплазма, йодофильді су








