Aspergillus туысы саңырауқұлақтарының биоэкологиялық ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақалада астық тұқымдастарын зақымдайтын Aspergillus туысына жататын саңырауқұлақтардың биологиялық және экологиялық ерекшеліктерінің нәтижелері берілген. Алматы облысының
бес ауданынан (Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл, Панфилов) астықтардың тұқымдары жинап алынды.
Оларда астықтардың сапасына әсер ететін саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштары Aspergillus
туысының келесі топтарына жататын түрлері табылды: А.flavus, A.tubingensis, A.glaucus, A.niger,
A.fumigatus, A.candidus, A.ochraceus.
Түйін сөздер: тұқым, Aspergillus, идентификация, морфология, фунгицид.








